Azərbaycanca  AzərbaycancaБеларуская  БеларускаяDeutsch  DeutschEnglish  EnglishFrançais  FrançaisҚазақ  ҚазақLietuvių  LietuviųРусский  Русскийภาษาไทย  ภาษาไทยTürkçe  TürkçeУкраїнська  Українська
Қолдау
www.global-kz3.nina.az
  • Үй
  • Уикипедия
  • Музыка

Сығандар өз атауы рома әлемнің көптеген елдерінде тұратын этникалық топ Олардың саны әртүрлі бағалаулар бойынша 12 18 ми

Сығандар

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Сығандар

Сығандар (өз атауы - рома) — әлемнің көптеген елдерінде тұратын этникалық топ. Олардың саны, әртүрлі бағалаулар бойынша, 12-18 миллионға дейін. Оның 7–8 миллионы Орталық, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Еуропада тұрады. Румынияда 619 мың – 2,5 млн адам, Мажарстанда 309–700 мың адам, Испанияда – 500 мың адамға дейін, Францияда – 400 мың адамға дейін, Болгарияда 325,3–800 мың адам, Ұлыбританияда – 250 мың адамға дейін, Ресейде 205 мың адам, Словакияда 105,7–400 мың адам, Италияда – 170 мың адамға дейін, Украинада – 100 мыңға дейін адам тұрады.

Сығандар
рома, Rom
image
Бүкіл халықтың саны

12-18 млн.

Ең көп таралған аймақтар
image Румыния

619 мың – 2,5 млн.

image Мажарстан

309 000 – 700 000

image Испания

500 000

image Франция

400 000

image Болгария

325 000 –800 000

image Ұлыбритания

250 000

image Ресей

205 000

image Словакия

105 000 – 400 000

image Италия

170 000

image Украина

100 000

Тілдері

, ,

Діні

христиандық, ислам

Тілі

Тілі санскритке де, бірқатар жаңа үнді тілдеріне де жақындығын сақтаған. Әр түрлі халықтар сығандарды түрліше атайды. Жалпы саны шамамен 7 млн-дай адам (2005). Сыған тілі көптеген диалектілерге бөлінеді. Сыған тілі шет тілдік ортада қолданылып және дами отырып, онымен байланыста болатын тілдер өз ықпалын тигізетініне қарамастан, үндіарийлік сөздік қорын және байырғы белгілерін сақтап қалды.

Діні

Сығандар өздері тұрып жатқан мемлекеттің дінін қабылдай салады, қоныс аударғанда қажет болса дінін де жиі өзгертіп отырады.

Ресейдегі діни сығандар негізінен православие, Балқан елдерінде сүнниттер , ал Еуропа елдерінде католиктер. Дәстүрлі нанымдар да кең тараған.

Тарихы

Тарихы мен шығу тегі аса күрделі. Ғалымдардың көпшілігі сығандардың арғы тегі Үндістаннан шыққан, олар 1-мыңжылдықта қалыптаса бастаған деп есептейді.

Алғашқыда олар Иран мен Мысырда, кейіннен Византияның шығысында ұзақ уақыт тұрақтап тұрған. 2-мыңжылдықтың бас кезінде Балкан түбегі мен Солт. Африкаға жылжып, 13 — 15 ғ-ларда Орт. және Шығыс Еуропаға, кейіннен Солт. және Оңт. Америка мен Австралияға (19 ғ.) жеткен.

Бастапқыда Еуропа елдері сығандарды жақсы қабылдағанымен, біраз уақыттардан кейін оларды қаңғыбас, қайыр-садақа сұраушы ретінде қудалай бастады. 18 ғ-дың соңына қарай Еуропаның бірқатар елдері оларды шеттетуді біршама тоқтатты. Осы кездері халықтың көшпелі, отырықшы және жартылай көшпелі болып бөлінуі жүріп жатты. Дегенмен, бүкіл әлем, сығандарды көшпелі халық ретінде біледі.

Кәсібі

image
Сыған ұстасы

Сығандардың көбісі музыка, би, түрлі қолөнер, киім-кешек, тамақ, гүл сатудан ақша табады. Көпшілігі білім алмаған, әрі кеткенде білім деңгейі орташа деңгеймен шектеледі. Көптеген сығандар балаларын мектепке жіберуге қорқып, тіпті басқа балалармен байланысын шектеді. Бұл сығандар арасындағы жалпы сауатсыздықтың басты себебі болды. Кей топтары әлі күнге дейін алыпсатарлықпен, әйелдер бал ашумен, қайыр-садақа сұраумен айналысады.

Сығандардың әртүрлі топтарында әртүрлі қолөнер басым болды: ұсталық, қазандық жасау және қалайылау, ағаш ою, зергерлік бұйымдар жасау. Бұрын сығандардың барлық топтарында еркектерде жылқы саудасы және әйелдерде бал ашу жиі кездесетін. Бүкіл әлемдегі сығандар керемет музыканттар, бишілер, әншілер ретінде танымал болды.

Тұрмыс салты

image
Түрік сығандары

Көшпелі сығандардың XIX — XX ғасырдың басында қарапайым (кіші) отбасы болды, әдетте көп балалы, бірақ күрделі (үлкен) отбасы да сақталды. Отбасының құрылымы патриархалды болды.

Олар белгілі бір аумақта көшіп жүреді, қандас туыстардан не болмаса басқа ру өкілдерінен құралған таборға бірігеді, оны вайда (немесе сагибо-скиро) басқарады. Вайда көшіп жүрген мемлекеттегі сығандардың ресми өкілі, ол сонымен қатар ішкі қақтығыс, дау-дамайларды реттеп отырады. Онымен бірге табордағы бәйбіше әйелдің де ықпалы күшті. вайда билігімен жұмсалатын қоғамдық кассасы болады. Сыған әйелдерінің бас билігі жоқ. Ол әкесіне, кейін күйеуіне сөзсіз бағынуға міндетті, отбасын асырау да соның мойнында.

Сыған отбасылары экономикалық ынтымақтастықпен, бәсекелестіктің жоқтығымен, бір ұрпақ өкілдерінің теңдігімен және аға буынның иерархиялық басымдылығымен сипатталады. Өзара көмек көрсету, қонақжайлылық салттары берік сақталған.

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

image
Сыған шатыры: Заравшан 1880

Көшпелі сығандардың негізгі баспанасы – шатыр. Мұндай тұрғын үйдің құрылымы күшті желдерге төтеп беруге арналған. Тірек ретінде 8 таяныш қолданылады. Үстіне қалың мата шүберек керілген. Молдова сығандары аласа шатырлар құрады. Жатын орын тұрғылықты жеріне байланысты салынды. Жылы аймақтарда олар төсеніштерде ұйықтайды.

Сығандар әрқашан өзендер мен көлдердің жанында тоқтауға тырысты. Желден қорғану үшін орманға жақын жерді таңдады. Классикалық сыған шатырында перде болып табылатын «есік» бар. Мұндай шатырларды катундар деп атайды.
Отырықшы өмір салтына бет бұрған сығандар кірпіштен үй тұрғызды. Мұндай ғимараттар кірпіш үйлер деп аталды, кірпішті бекіту үшін сазбалшық пайдаланылды. Нағыз отырықшы сығандар жеркепеде тұруды жөн көрді. Қан сорғыш жәндіктерден қорғану үшін төсек-орынның айналасына масахана ілді.
Кавказ сығандары шатырларын жерге жақын болатындай етіп орналастырды. Дегенмен, сығандардың өздері шатырдың биік болуы керек деп санайды. Оның шыңы неғұрлым жоғары болса, тұрғын үй соғұрлым әдемі болып саналады.

Отырықшы сығандар жеркепелерден басқа үңгірлерді де пайдаланады (мысалы, Сакраментода). Балқан сығандары күрке салад, ал Румыния ауылының тұрғындары кірпіштен үй салады.

Дәстүрлі киімдері

Костюмнің негізі - желбіршектері бар кең белдемше, дәстүр бойынша сыған әйелдеріне аяқтарын ашуға қатаң тыйым салатындықтан, олар қосымша мата бөліктерін тіккен.

image
Ұлттық киімдегі Румын сығандары

Тұрмысқа шыққан әйелдер белдемше үстіне алжапқыш киюі керек. Алжапқыштың астында ұсақ тұрмыстық заттарды сақтауға арналған үлкен қалтасы болған. Кәзекей мен жемпірлер бос және жағасыз болды, жеңдер қолдың кем дегенде төрттен бірін жабуы керек. Тұрмысқа шыққаннан кейін әйелдің басы жалаңаш көрінуге құқығы болмағандықтан, өмір бойы басына орамал таққан.
Зергерлік бұйымдарды молынан пайдаланады, ол жөнінде өзіндік түсіндірмесі бар. Көшпелі сығандар жинаған ақшасын банкке қалдыра алмайды, тапқан табысына тұрмыстық заттар мен қымбат киім-кешек сатып ала алмайды, себебі – табордың қашан жаңа жерге көшетіні белгісіз. Сондықтан олар «менде бар нәрсені өзіммен бірге алып жүремін» деген қағидамен әрекет етіп, зергерлік бұйымдарға ақша салды.

Ерлер костюмі дәстүрлі венгр киімдерінің әсерінен қалыптасты. Кең көйлектер, күміс түймелері бар күртешелер, кестеленген жилеттер, былғары белдіктер мен бас киімдер. Етік ер адамдар киімінің маңызды элементі болды.
Сығандар суық ауа райына дейін жалаң аяқ биледі. Сәнқой ер адамдар күртелеріне жібек орамал тағып жүрді, ал қымбат аксессуар темекі шегетін түтіктер болды. Белдіктер де өрнектеліп, тастармен безендіріліп және оларға көптеген пайдалы заттар ілінген: қамшы, пышақ, темекі салынған сөмкелер т.б. Ер адамның сол құлағына сырға тағылды. Сығандар киімінің әрбір детальдары бостандық рухын, халықтың табиғатын және көшпелі тұрмысын білдіреді.

Дәстүрлі тағамдары

image
Сыған рагуы - (көкөніс қосып, ет не балықтан жапырақтап турап пісірген тағам)

Батыс еуропалық сыған топтарының тамақтану әдеттері олардың көшпелі өмір салтының әсерін көрсетеді. Олардың тағамдарында бір қазанда пісіруге болатын сорпалар мен бұқтырылған тағамдар, сондай-ақ балық пен жабайы аң еті басым. Отырықшы шығыс еуропалық сығандардың диетасы дәмдеуіштерді, әсіресе ащы бұрыштарды көп мөлшерде қолданумен сипатталады. Сығандардың барлық топтары арасында тағамды дайындау салыстырмалы тазалықтың әртүрлі тыйымдарын сақтаумен қатаң түрде шартталған.

Қозы еті негізінен мерекелік ет түрі болып саналады. Кейде кірпі тамақ ретінде пайдаланылды. Етті қара болғанша қуыру әдеті болған. Отырықшы сығандар оны пеште қуыра алатын. Ежелгі заманнан бері сығандар шұжық жасауды үйренді - бұл үшін олар туралған етті сиырдың ішегіне орады.
Тағы бір танымал ет тағамы - харба. Бұл бауыр мен шошқа майының қоспасы болып табылатын майлы өнім. Харба жануардың қаны арқылы дайындалады, содан кейін сұйықтық ағызылады және етке пияз, сарымсақ және дәмдеуіштер қосылады. Көкөністер сорпалар жасау үшін пайдаланылады, содан кейін шошқа майымен толтырылады.

Отырықшы сығандар ұн өнімдерін тұтынады. Сығандар асханасында қуырылған жұмыртқалар ерекше орын алады. Оған көкөністер, сарымсақ, шошқа майы қосылады. Ең танымал сусын сүт болып саналады.

Фольклоры

image
Сыған отбасы 1884

Сығандардың фольклоры, айналасындағы халықтардың кейбіреулерінен алынғанына қарамастан, өзіндік ерекшелігін сақтайды. Халық ауыз әдебиетінің негізін музыка мен ән құрайды. Сондай-ақ белгілі ертегілер, мифтер, отбасылық аңыздар, мақал-мәтелдер мен ертегілер бар. Әннің таңғаларлық жағымды түрі – романс болды. Сығандардың қайталанбас өзіндік әдебі – иығын сермеу. Әйгілі сығандар биінің шығу тегі Түркия мен Солтүстік Африкадан шыққанымен, орындау тәсілі бойынша ерекшеленеді. Ресейде сығандар «Цыганочка» биінің арқасында танымал болды. «Сыған биіне» тән ерекшелік – иықтың дірілдеп, кеуденің толқын тәрізді қимылдары.

Музыка Италияда, Испанияда және Португалияда кеңінен таралған. Көптеген еуропалық сығандар Еуропа елдерінде ғана емес, бүкіл әлемде өнер көрсететін әйгілі виртуоздарға айналды. Сығандардың ең танымал аспабы - скрипка.

Сығандардың фольклоры әлемдегі ең бай шығармалардың бірі. Сығандар қасқырлар, өлі адамдар, аруақтар, вампирлер және үй рухтары туралы әңгімелейтін көптеген қорқынышты оқиғалардың авторлары. Әндер мен әдеби шығармалардың көпшілігі махаббатқа, өмірлік жағдайларға, ертегілер мен анекдоттық оқиғаларға арналған.

Қазіргі әлемдегі сығандар өмірі

image
Ресей сығандары

Сығандар туралы көптеген жағымсыз әсерлер бар: олар қылмысқа араласады, қайыр сұрайды, сәуегейлік айтады. Дегенмен, қазіргі сығандар бұл кескінге сәйкес келуді әлдеқашан тоқтатты. Бұл адамдардың көпшілігі кең ауқымды қызметпен айналысады. Олардың көпшілігі дәрігерлер, жұмысшылар, өнер адамдары, мұғалімдер, заңгерлер. Ал олардың балалары көптен бері мектепке барып, жоғары оқу орындарына түсіп жатыр.

Қазіргі әлемде сығандарды басқа ұлттардан ажырату қиын болуы мүмкін. Өздері орналасқан аймақ тілдерінде сөйлейді және көбінесе заманауи сән үрдістеріне сәйкес киінеді. Дегенмен, сығандар әлі күнге дейін өз дәстүрлерін құрметтейді және оларды ұстанады.
Біз көбінесе сығандарды жалғыз халық ретінде қабылдаймыз. Дегенмен, оның құрамында көптеген этностар бар. Бұл орыс сығандары, украиндық сервтер, венгр ловары, румындық кэлдэрари, балтық лотвалары. Сығандардың әртүрлі түрлері бар. Кейбір адамдар табор дәстүрінің заңдылықтарын көбірек, кейбіреулері аз сақтайды.

Қазақстандағы сығандар

Қазақстанға сығандвардың келуі кеңес дәуірінен басталып, бұл үрдіс әлі күнге жалғасып келеді. Қазақстанның сыған диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай:

  • 7 775 (1970 ж.),
  • 8 626 (1979 ж.),
  • 7 061 (1989 ж.),
  • 5 130 (1999 ж.),
  • 4 165 (2013 ж.) адам.

Дереккөздер

  1. Үлкен Ресей энциклопедиясы 2004–2017. Тексерілді, 10 Наурыз 2025.
  2. Э.Д. Сүлейменова, Д.Х. Ақанова, Н.Ж. Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы» — «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020. — Б. 176. — 480 б. — ISBN 978–601–7988-21-0.
  3. Деметра Н.Г. Сығандар. Тексерілді, 10 Наурыз 2025.
  4. Деметер Н.Г. КСРО-дағы сығандар. Тексерілді, 10 Наурыз 2025.
  5. Әлем халықтары/Сығандар. Тексерілді, 10 Наурыз 2025.
  6. Сығандар барлық жағынан жарқын халық. Тексерілді, 10 Наурыз 2025.
  7. Сыған костюмі. Тексерілді, 10 Наурыз 2025.
  8. Сығандар. Тексерілді, 10 Наурыз 2025.
  9. Сығандар. Тексерілді, 10 Наурыз 2025.
  10. Ром заңдары: Қазіргі әлемдегі сығандар өмірі. Тексерілді, 10 Наурыз 2025.
  11. Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева./Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева Қазақстан халқы. Энциклопедия — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. — Б. 390. — ISBN 978-601-7472-88-7.

Автор: www.NiNa.Az

Жарияланған күні: 20 Мамыр, 2025 / 20:15

уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, порно, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, +18, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, xxx, sex

Sygandar oz atauy roma әlemnin koptegen elderinde turatyn etnikalyk top Olardyn sany әrtүrli bagalaular bojynsha 12 18 millionga dejin Onyn 7 8 milliony Ortalyk Ontүstik Shygys zhәne Shygys Europada turady Rumyniyada 619 myn 2 5 mln adam Mazharstanda 309 700 myn adam Ispaniyada 500 myn adamga dejin Franciyada 400 myn adamga dejin Bolgariyada 325 3 800 myn adam Ұlybritaniyada 250 myn adamga dejin Resejde 205 myn adam Slovakiyada 105 7 400 myn adam Italiyada 170 myn adamga dejin Ukrainada 100 mynga dejin adam turady Sygandarroma RomBүkil halyktyn sany12 18 mln En kop taralgan ajmaktar Rumyniya619 myn 2 5 mln Mazharstan309 000 700 000 Ispaniya500 000 Franciya400 000 Bolgariya325 000 800 000 Ұlybritaniya250 000 Resej205 000 Slovakiya105 000 400 000 Italiya170 000 Ukraina100 000Tilderi Dinihristiandyk islamTiliTili sanskritke de birkatar zhana үndi tilderine de zhakyndygyn saktagan Әr tүrli halyktar sygandardy tүrlishe atajdy Zhalpy sany shamamen 7 mln daj adam 2005 Sygan tili koptegen dialektilerge bolinedi Sygan tili shet tildik ortada koldanylyp zhәne dami otyryp onymen bajlanysta bolatyn tilder oz ykpalyn tigizetinine karamastan үndiarijlik sozdik koryn zhәne bajyrgy belgilerin saktap kaldy DiniSygandar ozderi turyp zhatkan memlekettin dinin kabyldaj salady konys audarganda kazhet bolsa dinin de zhii ozgertip otyrady Resejdegi dini sygandar negizinen pravoslavie Balkan elderinde sүnnitter al Europa elderinde katolikter Dәstүrli nanymdar da ken taragan TarihyTarihy men shygu tegi asa kүrdeli Ғalymdardyn kopshiligi sygandardyn argy tegi Үndistannan shykkan olar 1 mynzhyldykta kalyptasa bastagan dep eseptejdi Algashkyda olar Iran men Mysyrda kejinnen Vizantiyanyn shygysynda uzak uakyt turaktap turgan 2 mynzhyldyktyn bas kezinde Balkan tүbegi men Solt Afrikaga zhylzhyp 13 15 g larda Ort zhәne Shygys Europaga kejinnen Solt zhәne Ont Amerika men Avstraliyaga 19 g zhetken Bastapkyda Europa elderi sygandardy zhaksy kabyldaganymen biraz uakyttardan kejin olardy kangybas kajyr sadaka suraushy retinde kudalaj bastady 18 g dyn sonyna karaj Europanyn birkatar elderi olardy shettetudi birshama toktatty Osy kezderi halyktyn koshpeli otyrykshy zhәne zhartylaj koshpeli bolyp bolinui zhүrip zhatty Degenmen bүkil әlem sygandardy koshpeli halyk retinde biledi KәsibiSygan ustasy Sygandardyn kobisi muzyka bi tүrli koloner kiim keshek tamak gүl satudan aksha tabady Kopshiligi bilim almagan әri ketkende bilim dengeji ortasha dengejmen shekteledi Koptegen sygandar balalaryn mektepke zhiberuge korkyp tipti baska balalarmen bajlanysyn shektedi Bul sygandar arasyndagy zhalpy sauatsyzdyktyn basty sebebi boldy Kej toptary әli kүnge dejin alypsatarlykpen әjelder bal ashumen kajyr sadaka suraumen ajnalysady Sygandardyn әrtүrli toptarynda әrtүrli koloner basym boldy ustalyk kazandyk zhasau zhәne kalajylau agash oyu zergerlik bujymdar zhasau Buryn sygandardyn barlyk toptarynda erkekterde zhylky saudasy zhәne әjelderde bal ashu zhii kezdesetin Bүkil әlemdegi sygandar keremet muzykanttar bishiler әnshiler retinde tanymal boldy Turmys saltyTүrik sygandary Koshpeli sygandardyn XIX XX gasyrdyn basynda karapajym kishi otbasy boldy әdette kop balaly birak kүrdeli үlken otbasy da saktaldy Otbasynyn kurylymy patriarhaldy boldy Olar belgili bir aumakta koship zhүredi kandas tuystardan ne bolmasa baska ru okilderinen kuralgan taborga birigedi ony vajda nemese sagibo skiro baskarady Vajda koship zhүrgen memlekettegi sygandardyn resmi okili ol sonymen katar ishki kaktygys dau damajlardy rettep otyrady Onymen birge tabordagy bәjbishe әjeldin de ykpaly kүshti vajda biligimen zhumsalatyn kogamdyk kassasy bolady Sygan әjelderinin bas biligi zhok Ol әkesine kejin kүjeuine sozsiz bagynuga mindetti otbasyn asyrau da sonyn mojnynda Sygan otbasylary ekonomikalyk yntymaktastykpen bәsekelestiktin zhoktygymen bir urpak okilderinin tendigimen zhәne aga buynnyn ierarhiyalyk basymdylygymen sipattalady Өzara komek korsetu konakzhajlylyk salttary berik saktalgan Eldi mekenderi men dәstүrli baspanalary Sygan shatyry Zaravshan 1880 Koshpeli sygandardyn negizgi baspanasy shatyr Mundaj turgyn үjdin kurylymy kүshti zhelderge totep beruge arnalgan Tirek retinde 8 tayanysh koldanylady Үstine kalyn mata shүberek kerilgen Moldova sygandary alasa shatyrlar kurady Zhatyn oryn turgylykty zherine bajlanysty salyndy Zhyly ajmaktarda olar tosenishterde ujyktajdy Sygandar әrkashan ozender men kolderdin zhanynda toktauga tyrysty Zhelden korganu үshin ormanga zhakyn zherdi tandady Klassikalyk sygan shatyrynda perde bolyp tabylatyn esik bar Mundaj shatyrlardy katundar dep atajdy Otyrykshy omir saltyna bet burgan sygandar kirpishten үj turgyzdy Mundaj gimarattar kirpish үjler dep ataldy kirpishti bekitu үshin sazbalshyk pajdalanyldy Nagyz otyrykshy sygandar zherkepede turudy zhon kordi Қan sorgysh zhәndikterden korganu үshin tosek orynnyn ajnalasyna masahana ildi Kavkaz sygandary shatyrlaryn zherge zhakyn bolatyndaj etip ornalastyrdy Degenmen sygandardyn ozderi shatyrdyn biik boluy kerek dep sanajdy Onyn shyny negurlym zhogary bolsa turgyn үj sogurlym әdemi bolyp sanalady Otyrykshy sygandar zherkepelerden baska үngirlerdi de pajdalanady mysaly Sakramentoda Balkan sygandary kүrke salad al Rumyniya auylynyn turgyndary kirpishten үj salady Dәstүrli kiimderi Kostyumnin negizi zhelbirshekteri bar ken beldemshe dәstүr bojynsha sygan әjelderine ayaktaryn ashuga katan tyjym salatyndyktan olar kosymsha mata bolikterin tikken Ұlttyk kiimdegi Rumyn sygandary Turmyska shykkan әjelder beldemshe үstine alzhapkysh kiyui kerek Alzhapkyshtyn astynda usak turmystyk zattardy saktauga arnalgan үlken kaltasy bolgan Kәzekej men zhempirler bos zhәne zhagasyz boldy zhender koldyn kem degende tortten birin zhabuy kerek Turmyska shykkannan kejin әjeldin basy zhalanash korinuge kukygy bolmagandyktan omir bojy basyna oramal takkan Zergerlik bujymdardy molynan pajdalanady ol zhoninde ozindik tүsindirmesi bar Koshpeli sygandar zhinagan akshasyn bankke kaldyra almajdy tapkan tabysyna turmystyk zattar men kymbat kiim keshek satyp ala almajdy sebebi tabordyn kashan zhana zherge koshetini belgisiz Sondyktan olar mende bar nәrseni ozimmen birge alyp zhүremin degen kagidamen әreket etip zergerlik bujymdarga aksha saldy Erler kostyumi dәstүrli vengr kiimderinin әserinen kalyptasty Ken kojlekter kүmis tүjmeleri bar kүrtesheler kestelengen zhiletter bylgary beldikter men bas kiimder Etik er adamdar kiiminin manyzdy elementi boldy Sygandar suyk aua rajyna dejin zhalan ayak biledi Sәnkoj er adamdar kүrtelerine zhibek oramal tagyp zhүrdi al kymbat aksessuar temeki shegetin tүtikter boldy Beldikter de ornektelip tastarmen bezendirilip zhәne olarga koptegen pajdaly zattar ilingen kamshy pyshak temeki salyngan somkeler t b Er adamnyn sol kulagyna syrga tagyldy Sygandar kiiminin әrbir detaldary bostandyk ruhyn halyktyn tabigatyn zhәne koshpeli turmysyn bildiredi Dәstүrli tagamdary Sygan raguy kokonis kosyp et ne balyktan zhapyraktap turap pisirgen tagam Batys europalyk sygan toptarynyn tamaktanu әdetteri olardyn koshpeli omir saltynyn әserin korsetedi Olardyn tagamdarynda bir kazanda pisiruge bolatyn sorpalar men buktyrylgan tagamdar sondaj ak balyk pen zhabajy an eti basym Otyrykshy shygys europalyk sygandardyn dietasy dәmdeuishterdi әsirese ashy buryshtardy kop molsherde koldanumen sipattalady Sygandardyn barlyk toptary arasynda tagamdy dajyndau salystyrmaly tazalyktyn әrtүrli tyjymdaryn saktaumen katan tүrde sharttalgan Қozy eti negizinen merekelik et tүri bolyp sanalady Kejde kirpi tamak retinde pajdalanyldy Etti kara bolgansha kuyru әdeti bolgan Otyrykshy sygandar ony peshte kuyra alatyn Ezhelgi zamannan beri sygandar shuzhyk zhasaudy үjrendi bul үshin olar turalgan etti siyrdyn ishegine orady Tagy bir tanymal et tagamy harba Bul bauyr men shoshka majynyn kospasy bolyp tabylatyn majly onim Harba zhanuardyn kany arkyly dajyndalady sodan kejin sujyktyk agyzylady zhәne etke piyaz sarymsak zhәne dәmdeuishter kosylady Kokonister sorpalar zhasau үshin pajdalanylady sodan kejin shoshka majymen toltyrylady Otyrykshy sygandar un onimderin tutynady Sygandar ashanasynda kuyrylgan zhumyrtkalar erekshe oryn alady Ogan kokonister sarymsak shoshka majy kosylady En tanymal susyn sүt bolyp sanalady Folklory Sygan otbasy 1884 Sygandardyn folklory ajnalasyndagy halyktardyn kejbireulerinen alynganyna karamastan ozindik ereksheligin saktajdy Halyk auyz әdebietinin negizin muzyka men әn kurajdy Sondaj ak belgili ertegiler mifter otbasylyk anyzdar makal mәtelder men ertegiler bar Әnnin tangalarlyk zhagymdy tүri romans boldy Sygandardyn kajtalanbas ozindik әdebi iygyn sermeu Әjgili sygandar biinin shygu tegi Tүrkiya men Soltүstik Afrikadan shykkanymen oryndau tәsili bojynsha erekshelenedi Resejde sygandar Cyganochka biinin arkasynda tanymal boldy Sygan biine tәn erekshelik iyktyn dirildep keudenin tolkyn tәrizdi kimyldary Muzyka Italiyada Ispaniyada zhәne Portugaliyada keninen taralgan Koptegen europalyk sygandar Europa elderinde gana emes bүkil әlemde oner korsetetin әjgili virtuozdarga ajnaldy Sygandardyn en tanymal aspaby skripka Sygandardyn folklory әlemdegi en baj shygarmalardyn biri Sygandar kaskyrlar oli adamdar aruaktar vampirler zhәne үj ruhtary turaly әngimelejtin koptegen korkynyshty okigalardyn avtorlary Әnder men әdebi shygarmalardyn kopshiligi mahabbatka omirlik zhagdajlarga ertegiler men anekdottyk okigalarga arnalgan Қazirgi әlemdegi sygandar omiriResej sygandary Sygandar turaly koptegen zhagymsyz әserler bar olar kylmyska aralasady kajyr surajdy sәuegejlik ajtady Degenmen kazirgi sygandar bul keskinge sәjkes keludi әldekashan toktatty Bul adamdardyn kopshiligi ken aukymdy kyzmetpen ajnalysady Olardyn kopshiligi dәrigerler zhumysshylar oner adamdary mugalimder zangerler Al olardyn balalary kopten beri mektepke baryp zhogary oku oryndaryna tүsip zhatyr Қazirgi әlemde sygandardy baska ulttardan azhyratu kiyn boluy mүmkin Өzderi ornalaskan ajmak tilderinde sojlejdi zhәne kobinese zamanaui sәn үrdisterine sәjkes kiinedi Degenmen sygandar әli kүnge dejin oz dәstүrlerin kurmettejdi zhәne olardy ustanady Biz kobinese sygandardy zhalgyz halyk retinde kabyldajmyz Degenmen onyn kuramynda koptegen etnostar bar Bul orys sygandary ukraindyk servter vengr lovary rumyndyk kelderari baltyk lotvalary Sygandardyn әrtүrli tүrleri bar Kejbir adamdar tabor dәstүrinin zandylyktaryn kobirek kejbireuleri az saktajdy Қazakstandagy sygandarҚazakstanga sygandvardyn kelui kenes dәuirinen bastalyp bul үrdis әli kүnge zhalgasyp keledi Қazakstannyn sygan diasporasy sanynyn zhalpy dinamikasy mynadaj 7 775 1970 zh 8 626 1979 zh 7 061 1989 zh 5 130 1999 zh 4 165 2013 zh adam DerekkozderҮlken Resej enciklopediyasy 2004 2017 Tekserildi 10 Nauryz 2025 E D Sүlejmenova D H Akanova N Zh Shajmerdenova Қazakstan tilderi әleumettik lingvistika anyktamalygy Izdatelstvo Zolotaya Kniga ZhShS 2020 B 176 480 b ISBN 978 601 7988 21 0 Demetra N G Sygandar Tekserildi 10 Nauryz 2025 Demeter N G KSRO dagy sygandar Tekserildi 10 Nauryz 2025 Әlem halyktary Sygandar Tekserildi 10 Nauryz 2025 Sygandar barlyk zhagynan zharkyn halyk Tekserildi 10 Nauryz 2025 Sygan kostyumi Tekserildi 10 Nauryz 2025 Sygandar Tekserildi 10 Nauryz 2025 Sygandar Tekserildi 10 Nauryz 2025 Rom zandary Қazirgi әlemdegi sygandar omiri Tekserildi 10 Nauryz 2025 Bas red Zh N Tojbaeva Қurast Ғ Zhandybaev G Egeubaeva Қazakstan halky Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasy 2016 B 390 ISBN 978 601 7472 88 7

Соңғы мақалалар
  • Мамыр 20, 2025

    Гвадалахара

  • Мамыр 17, 2025

    Гвиана

  • Мамыр 20, 2025

    Гвинея шығанағы

  • Мамыр 19, 2025

    Гвинея-Бисау

  • Мамыр 19, 2025

    Гвинея

www.NiNa.Az - Студия

  • Уикипедия
  • Музыка
Хабарласыңыз
Тілдер
Бізбен хабарласыңы
DMCA Sitemap
© 2019 nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Әлемнің түкпір-түкпірінен деректер мен файлдарды ортақ пайдалануды қамтамасыз ететін тегін веб-сайт.
Жоғарғы