Минерал (ескі лат. mіnera – кентас кесегі) – химиялық құрамы және физикалық қасиеттері біртекті табиғи дене. Ол жер бетіндегі немесе жердің (аспан денелерінің) қойнауындағы физикалық-химиялық процестерге байланысты пайда болып, тау жыныстарын, кентастарды, т.б. құрайды. Минерал негізінен қатты денелер. Олар кристалды (пирит, галенит), аморфты (опал, лимонит) және метамикті (сырты кристалл тәрізді, бірақ іші аморфты, шыныға ұқсас) болып жіктеледі.


Әр минерал өзіне тән құрамды, кристалды құрылымы бар табиғи қосынды. Жекелеген кристалдар, дәндер және басқа денелер минералдық индивид деп, ал минералдық индивидтердің бірігіп түзілгендері минералдық агрегаттар деп аталады. Табиғатта зерттелген минерал түрлері 2,5 мыңға жуық, жыл сайын 30-ға жақын жаңа минерал түрлері анықталады. Минералдардың көпшілігінде ионды құрылым кездеседі (кристалдық химия). Ковалентті және интерметалдық құрылымдар аз кездеседі. Минерал құрауға Менделеев кестесіндегі инертті газдар мен ураннан соңғы элементтердің бәрі қатысады. Олардың кейбіреуі минерал құрауда басты орын алады, ал құрылымы мен қасиеттері басты элементтерге ұқсастары (Pd, Ge, Іn, Cd, Ga, Tl, Se, І, Br, Re, Rb) минералдардың құрамында изоморфтық қоспалар түрінде кездеседі. Изоморфтық қоспалар Минералдардың химиялық қасиеттерін өзгертеді. Табиғатта силикаттар (минералдың жалпы санының 25%-ы), сульфидтер (13%), фосфаттар мен ванадаттар (18%), тотықтар мен гидрототықтар (12%), түрлі табиғи химиялық қосылыстардың (32%) минералдары бар. Жер қыртысының 92%-ы силикаттардан, тотықтардан, гидрототықтардан тұрады. Химиялық құрамы жағынан Минералдар таза элементтер және күрделі қосылыстар болып бөлінеді. Минерал кристалдары жай аниондардан (S2–, O2–, OH–, Cl–, т.б.), аниондық радикалдардан [CO3]2–, [SіO4]4–, [PO4]3–, т.б. құралады. Минералдарды кристалды химиялық жіктеу, құрылысының ерекшеліктеріне негізделген. Құрылымы бір типтес Минералдар құрамының изоморфизм процестерінен өзгеруі оларды құраушы атомдардың, иондардың атомдық (иондық) радиустарына, кристалдық-химиялық сандарына, химиялық байланыс түрлеріне байланысты болады. Минерал морфологиясы оның ішкі, құрылысына, пайда болу, қалыптасу жағдайларына қарай анықталады. Мысасылы, Қарағанды өңірінің талшықты родуситі – сұйық, ал бұршақ сияқты тығыз, борпылдақ родуситі – қою коллоид ерітінділерінің кристалдануынан түзілген. Жеке Минералдар сыңарларының өлшемі әр түрлі болады. Тарбағатай пегматиттерінен табылған кварц кристалдарының ұзындығы 6 метр, салмағы 72 тонна, қырларының ені 1 метрге жетеді. Кейбір коллоидтық Минералдардың көлемі бірнеше м3 болады. Табиғаттағы минералдар сырт пішініне қарай көбіне дендриттер, оолиттер, сферолиттер, секрециялар, конкрециялар, дән, топырақ сияқты массалар, сталактиттер, сталагмиттер түрінде кездеседі. Минералдардың физикалық қасиеттері кристалдық құрылымына және химиялық құрамына байланысты. Тығыздығына байланысты Минералдар жеңіл (2500 кг/м3 дейін), орташа (2500 – 4000 кг/м3), ауыр (4000 – 8000 кг/м3) және өте ауыр (8000 кг/м3-тен жоғары) болып жіктеледі. Мөлдірлік қасиетіне байланысты мөлдір (тау хрусталі), шала мөлдір (сфалерит), мөлдір емес (магнетит) болып ажыратылады.
Минералдар жаралу, өсу, өзгеру сатыларынан (Минералдар онтогениясы) өтеді. Минерал магмалық балқымаларда, ерітінділерде, газдарда түзіледі. Белгілі процестерден кейін бірнеше Минералдың топталуы Минералдар парагенезисі деп аталады. Пайда болған Минералдар ассоциациялары парагенетикалық талдау негізінде жасалған әр түрлі физикалық - химиялық диаграммалар бойынша анықталады. Табиғи реакцияларда түзілетін Минерал өзін қоршаған ортамен, ортаның фазалық қалпымен және физикалық - химиялық параметрлермен тығыз байланысты. Бұл жағдайлар Минералдардың құрамы мен түрлі қасиеттеріне әсер етіп, оған типоморфтық белгілер (Минералдардың кристаллографиялық ерекшеліктері, агрегаттарының сипаты, жеке сыңарларының өлшемі, кейбір физикалық - химиялық қасиеттер) береді. Минералдар экзогендік, эндогендік, метаморфогендік процестерде пайда болады. Минералдардың генезисін анықтау үшін олардың түзілу процестерінің химизмін, пайда болған ортаның фазалық қалпын, жүйенің физикалық - химиялық параметрлерін, түзілу, өсу, даму жолдарын, оны құраған заттардың түп негізін білу керек. Бұл аталғандарды анықтаудың басты жолдары: а) геологиялық жағдайларды зерттеу; ә) типоморфтық белгілерді анықтау; б) парагенетиканы талдау; в) онтогенды талдау; г) газ бен сұйық қосындысын зерттеу; ғ) табиғи реакциялардың термодинамикалық шамаларын есептеу; д) әр түрлі геотермометрлер мен газобарометрлер арқылы термодинамикалық параметрлерді анықтау; е) теңдеулердің физикалық - химиялық жүйесін зерттеу; ж) табиғатта түзілу жолдарын тәжірибемен қайталау; з) изотоптық құрамын анықтау. Минералдардың өндірісте қолданылуы олардың түрлі бағалы қасиеттеріне негізделген. Өте қатты Минералдар (алмас, корунд, гранат, т.б.) абразивтер ретінде, пьезоэлементтік қасиеті барлары радиоэлектроникада қолданылады; қатты әдемі түстілерінен зергерлік бұйымдар жасалады. Минералдардың физикалық қасиеттері олардың кендерін іздеуге, кентастарды байытуға мүмкіншілік береді. Қазақстанда кездесетін Минералдардан Менделеев кестесіндегі элементтердің 60-тан астамы өндіріледі. Қазақстанның әр жерінен жиналған Минералдардың таңдаулы коллекциялары Қазақстанның геологиялық мұражайларына қойылған.
1950 жылдардан бастап жаңа минералдың ашылу фактісін және оның атауын халықаралық минералогиялық қауымдастықтың (ММА) жаңа минералдар мен минералды атаулар жөніндегі комиссиясы мақұлдады. Қазіргі уақытта 6100-ден астам минерал түрі белгілі, бірақ оның ішінде тек 100-150 минерал кең таралған.
Минералдар генезисі
Генезис деген грек сөзі — жаратылу, шығу, пайда болу деген сөз. Демек, минералдардың генезисі дегеніміз — олардың жаратылысы. Жердің ішкі қабаттарында пайда болатын магма жоғары көтеріліп жіктеледі; салқындап қатаюдан пайда болатын тау жыныстары магмалық жыныстар, оны құраушы және соған байланысты пайда болған минералдар магмалық минералдар деп аталады. Онан кейін қалдық магмалардан магмалық минералдар пайда болады. Оның ең ірі және минерал заттар көп кездесетін түрі — пегматит, оны құраушы және оған байланысты пайда болған минералдар — пегматиттік минералдар. Онан қалған су буы мен газдарға қаныққан заттардан пайда болып, жердің үстіне таман таянған жарықтарды толтыратындар — пневматолиттік минералдар. Онан қалған бу мен газдар суға араласып ыстық ерітінді құрайды, яғни гидротермалар пайда болады. Гидротерманың ішіндегі заттар жер жарықтарына, тау жыныстары арасындағы қуыстарға сіңіп, минералды желілер құрады. Олардың өзі минералдану тереңдігіне қарай, соған байланысты жаратылыс температурасына қарай үшке бөлінеді:
- жоғары температуралы гидротерма — гипотерма
- орта температуралы гидротерма — мезотерма
- төмен температуралы гидротерма — эпитерма
Осыған сәйкес гидротермалық минералдар да үшке бөлінеді:
- гипотермалық минералдар
- мезотермалық минералдар
- эпитермалық минералдар.
Онан кейін гидротермадан қалған су, яғни жаңадан пайда болған ыстық ювенил су жер бетінің айналыстағы вадоз суына қосылып кетеді; кейде олар ыстық минералды көзге — арасан көздерге айналады. Оларды курорттарда емге пайдаланады. Екінші жағынан магмалық жыныстардың вулкандық немесе эффузивтік түрлері тағы бар. Магма жердің астыңғы қабаттарында қатаятын болса, ол интрузивтік делінді. Жоғарыда айтылған магмалық жыныстар, қалдық магмалар — пегматиттер, , гидротермалар — бәрі де сол интрузивтермен байланысты түзілген. Жердің жарығымен жоғары көтеріліп, жер бетіне шығып тасыған магма лава деп, лавадан пайда болған тау жыныстары эффузивтік немесе вулкандық болып аталады. Соған сәйкес минералдар да вулкандық және эффузивтік болады. Лаваға байланысты гидротермалар мен арасан көздер де пайда болады. Бірақ лава тез салқындайтын болғандықтан онан шыққа н заттар да кристалданып, жіктеліп үлгіре алмайды, оның барлық бөлшектері шыныша араласып қатаяды. Сондықтан эффузивтерге байланысты кендер де кұрала қоймайды. Металды эндогендік кендердің көпшілігі магмалық , пегматиттік, пневматолиттік, гидротермалық болады. Экзогендік тау жыныстары — шөгінді жыныстар. Бұлар бірнеше түрге бөлінеді; соған сәйкес минералдар да жаратылыс жағынан бірнеше түрлерге бөлінеді: көлдік шөгінді тұздар, органикалық қайталама тұнба, үгілген метаморфтық тау жыныстары мен минералдар әрі магмалық , әрі шөгінді тау жыныстарынан пайда болады. Сондықтан оларды аралық — ортақ жыныстар деп қарауға болады. Олардың кұрамындағы метаморфтық минералдар да эндогендік пен экзогендікке ортақ болып табылады. Жалпы метаморфтық минералдар региондық және контактылық болып екіге бөлінеді. Соның ішінде химиялық алмасудан пайда болған метасоматикалық, қысым күшінен пайда болған динамометаморфтық, қызу күшінен пайда болған пирометаморфтык, кебуден-құрғаудан пайда болған дегидраттық т.б. түрлері бар. Оның үстіне кен минералдары метаморфтық және метаморфогендік болып белінеді.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 6 том
- , 6 том.
- Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Автор: www.NiNa.Az
Жарияланған күні:
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, порно, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, +18, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, xxx, sex
Mineral eski lat minera kentas kesegi himiyalyk kuramy zhәne fizikalyk kasietteri birtekti tabigi dene Ol zher betindegi nemese zherdin aspan denelerinin kojnauyndagy fizikalyk himiyalyk procesterge bajlanysty pajda bolyp tau zhynystaryn kentastardy t b kurajdy Mineral negizinen katty deneler Olar kristaldy pirit galenit amorfty opal limonit zhәne metamikti syrty kristall tәrizdi birak ishi amorfty shynyga uksas bolyp zhikteledi Mineral tүrleri Mineraldar Әr mineral ozine tәn kuramdy kristaldy kurylymy bar tabigi kosyndy Zhekelegen kristaldar dәnder zhәne baska deneler mineraldyk individ dep al mineraldyk individterdin birigip tүzilgenderi mineraldyk agregattar dep atalady Tabigatta zerttelgen mineral tүrleri 2 5 mynga zhuyk zhyl sajyn 30 ga zhakyn zhana mineral tүrleri anyktalady Mineraldardyn kopshiliginde iondy kurylym kezdesedi kristaldyk himiya Kovalentti zhәne intermetaldyk kurylymdar az kezdesedi Mineral kurauga Mendeleev kestesindegi inertti gazdar men urannan songy elementterdin bәri katysady Olardyn kejbireui mineral kurauda basty oryn alady al kurylymy men kasietteri basty elementterge uksastary Pd Ge In Cd Ga Tl Se I Br Re Rb mineraldardyn kuramynda izomorftyk kospalar tүrinde kezdesedi Izomorftyk kospalar Mineraldardyn himiyalyk kasietterin ozgertedi Tabigatta silikattar mineraldyn zhalpy sanynyn 25 y sulfidter 13 fosfattar men vanadattar 18 totyktar men gidrototyktar 12 tүrli tabigi himiyalyk kosylystardyn 32 mineraldary bar Zher kyrtysynyn 92 y silikattardan totyktardan gidrototyktardan turady Himiyalyk kuramy zhagynan Mineraldar taza elementter zhәne kүrdeli kosylystar bolyp bolinedi Mineral kristaldary zhaj aniondardan S2 O2 OH Cl t b aniondyk radikaldardan CO3 2 SiO4 4 PO4 3 t b kuralady Mineraldardy kristaldy himiyalyk zhikteu kurylysynyn erekshelikterine negizdelgen Қurylymy bir tiptes Mineraldar kuramynyn izomorfizm procesterinen ozgerui olardy kuraushy atomdardyn iondardyn atomdyk iondyk radiustaryna kristaldyk himiyalyk sandaryna himiyalyk bajlanys tүrlerine bajlanysty bolady Mineral morfologiyasy onyn ishki kurylysyna pajda bolu kalyptasu zhagdajlaryna karaj anyktalady Mysasyly Қaragandy onirinin talshykty rodusiti sujyk al burshak siyakty tygyz borpyldak rodusiti koyu kolloid eritindilerinin kristaldanuynan tүzilgen Zheke Mineraldar synarlarynyn olshemi әr tүrli bolady Tarbagataj pegmatitterinen tabylgan kvarc kristaldarynyn uzyndygy 6 metr salmagy 72 tonna kyrlarynyn eni 1 metrge zhetedi Kejbir kolloidtyk Mineraldardyn kolemi birneshe m3 bolady Tabigattagy mineraldar syrt pishinine karaj kobine dendritter oolitter sferolitter sekreciyalar konkreciyalar dәn topyrak siyakty massalar stalaktitter stalagmitter tүrinde kezdesedi Mineraldardyn fizikalyk kasietteri kristaldyk kurylymyna zhәne himiyalyk kuramyna bajlanysty Tygyzdygyna bajlanysty Mineraldar zhenil 2500 kg m3 dejin ortasha 2500 4000 kg m3 auyr 4000 8000 kg m3 zhәne ote auyr 8000 kg m3 ten zhogary bolyp zhikteledi Moldirlik kasietine bajlanysty moldir tau hrustali shala moldir sfalerit moldir emes magnetit bolyp azhyratylady Mineraldar zharalu osu ozgeru satylarynan Mineraldar ontogeniyasy otedi Mineral magmalyk balkymalarda eritindilerde gazdarda tүziledi Belgili procesterden kejin birneshe Mineraldyn toptaluy Mineraldar paragenezisi dep atalady Pajda bolgan Mineraldar associaciyalary paragenetikalyk taldau negizinde zhasalgan әr tүrli fizikalyk himiyalyk diagrammalar bojynsha anyktalady Tabigi reakciyalarda tүziletin Mineral ozin korshagan ortamen ortanyn fazalyk kalpymen zhәne fizikalyk himiyalyk parametrlermen tygyz bajlanysty Bul zhagdajlar Mineraldardyn kuramy men tүrli kasietterine әser etip ogan tipomorftyk belgiler Mineraldardyn kristallografiyalyk erekshelikteri agregattarynyn sipaty zheke synarlarynyn olshemi kejbir fizikalyk himiyalyk kasietter beredi Mineraldar ekzogendik endogendik metamorfogendik procesterde pajda bolady Mineraldardyn genezisin anyktau үshin olardyn tүzilu procesterinin himizmin pajda bolgan ortanyn fazalyk kalpyn zhүjenin fizikalyk himiyalyk parametrlerin tүzilu osu damu zholdaryn ony kuragan zattardyn tүp negizin bilu kerek Bul atalgandardy anyktaudyn basty zholdary a geologiyalyk zhagdajlardy zertteu ә tipomorftyk belgilerdi anyktau b paragenetikany taldau v ontogendy taldau g gaz ben sujyk kosyndysyn zertteu g tabigi reakciyalardyn termodinamikalyk shamalaryn esepteu d әr tүrli geotermometrler men gazobarometrler arkyly termodinamikalyk parametrlerdi anyktau e tendeulerdin fizikalyk himiyalyk zhүjesin zertteu zh tabigatta tүzilu zholdaryn tәzhiribemen kajtalau z izotoptyk kuramyn anyktau Mineraldardyn ondiriste koldanyluy olardyn tүrli bagaly kasietterine negizdelgen Өte katty Mineraldar almas korund granat t b abrazivter retinde pezoelementtik kasieti barlary radioelektronikada koldanylady katty әdemi tүstilerinen zergerlik bujymdar zhasalady Mineraldardyn fizikalyk kasietteri olardyn kenderin izdeuge kentastardy bajytuga mүmkinshilik beredi Қazakstanda kezdesetin Mineraldardan Mendeleev kestesindegi elementterdin 60 tan astamy ondiriledi Қazakstannyn әr zherinen zhinalgan Mineraldardyn tandauly kollekciyalary Қazakstannyn geologiyalyk murazhajlaryna kojylgan 1950 zhyldardan bastap zhana mineraldyn ashylu faktisin zhәne onyn atauyn halykaralyk mineralogiyalyk kauymdastyktyn MMA zhana mineraldar men mineraldy ataular zhonindegi komissiyasy makuldady Қazirgi uakytta 6100 den astam mineral tүri belgili birak onyn ishinde tek 100 150 mineral ken taralgan Mineraldar genezisiGenezis degen grek sozi zharatylu shygu pajda bolu degen soz Demek mineraldardyn genezisi degenimiz olardyn zharatylysy Zherdin ishki kabattarynda pajda bolatyn magma zhogary koterilip zhikteledi salkyndap katayudan pajda bolatyn tau zhynystary magmalyk zhynystar ony kuraushy zhәne sogan bajlanysty pajda bolgan mineraldar magmalyk mineraldar dep atalady Onan kejin kaldyk magmalardan magmalyk mineraldar pajda bolady Onyn en iri zhәne mineral zattar kop kezdesetin tүri pegmatit ony kuraushy zhәne ogan bajlanysty pajda bolgan mineraldar pegmatittik mineraldar Onan kalgan su buy men gazdarga kanykkan zattardan pajda bolyp zherdin үstine taman tayangan zharyktardy toltyratyndar pnevmatolittik mineraldar Onan kalgan bu men gazdar suga aralasyp ystyk eritindi kurajdy yagni gidrotermalar pajda bolady Gidrotermanyn ishindegi zattar zher zharyktaryna tau zhynystary arasyndagy kuystarga sinip mineraldy zheliler kurady Olardyn ozi mineraldanu terendigine karaj sogan bajlanysty zharatylys temperaturasyna karaj үshke bolinedi zhogary temperaturaly gidroterma gipoterma orta temperaturaly gidroterma mezoterma tomen temperaturaly gidroterma epiterma Osygan sәjkes gidrotermalyk mineraldar da үshke bolinedi gipotermalyk mineraldar mezotermalyk mineraldar epitermalyk mineraldar Onan kejin gidrotermadan kalgan su yagni zhanadan pajda bolgan ystyk yuvenil su zher betinin ajnalystagy vadoz suyna kosylyp ketedi kejde olar ystyk mineraldy kozge arasan kozderge ajnalady Olardy kurorttarda emge pajdalanady Ekinshi zhagynan magmalyk zhynystardyn vulkandyk nemese effuzivtik tүrleri tagy bar Magma zherdin astyngy kabattarynda katayatyn bolsa ol intruzivtik delindi Zhogaryda ajtylgan magmalyk zhynystar kaldyk magmalar pegmatitter gidrotermalar bәri de sol intruzivtermen bajlanysty tүzilgen Zherdin zharygymen zhogary koterilip zher betine shygyp tasygan magma lava dep lavadan pajda bolgan tau zhynystary effuzivtik nemese vulkandyk bolyp atalady Sogan sәjkes mineraldar da vulkandyk zhәne effuzivtik bolady Lavaga bajlanysty gidrotermalar men arasan kozder de pajda bolady Birak lava tez salkyndajtyn bolgandyktan onan shykka n zattar da kristaldanyp zhiktelip үlgire almajdy onyn barlyk bolshekteri shynysha aralasyp katayady Sondyktan effuzivterge bajlanysty kender de kurala kojmajdy Metaldy endogendik kenderdin kopshiligi magmalyk pegmatittik pnevmatolittik gidrotermalyk bolady Ekzogendik tau zhynystary shogindi zhynystar Bular birneshe tүrge bolinedi sogan sәjkes mineraldar da zharatylys zhagynan birneshe tүrlerge bolinedi koldik shogindi tuzdar organikalyk kajtalama tunba үgilgen metamorftyk tau zhynystary men mineraldar әri magmalyk әri shogindi tau zhynystarynan pajda bolady Sondyktan olardy aralyk ortak zhynystar dep karauga bolady Olardyn kuramyndagy metamorftyk mineraldar da endogendik pen ekzogendikke ortak bolyp tabylady Zhalpy metamorftyk mineraldar regiondyk zhәne kontaktylyk bolyp ekige bolinedi Sonyn ishinde himiyalyk almasudan pajda bolgan metasomatikalyk kysym kүshinen pajda bolgan dinamometamorftyk kyzu kүshinen pajda bolgan pirometamorftyk kebuden kurgaudan pajda bolgan degidrattyk t b tүrleri bar Onyn үstine ken mineraldary metamorftyk zhәne metamorfogendik bolyp belinedi Portal Mineraldar DerekkozderҚazak enciklopediyasy 6 tom 6 tom Kristallografiya mineralogiya petrografiya Bul kitap Abaj atyndagy Қazaktyn memlekettik pedagogty institutynyn geografiya fakultetinde okylgan lekciyalardyn negizinde zhazyldy 1990 ISBN 2 9 3 254 69 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet