Azərbaycanca  AzərbaycancaБеларуская  БеларускаяDeutsch  DeutschEnglish  EnglishFrançais  FrançaisҚазақ  ҚазақLietuvių  LietuviųРусский  Русскийภาษาไทย  ภาษาไทยTürkçe  TürkçeУкраїнська  Українська
Қолдау
www.global-kz3.nina.az
  • Үй
  • Уикипедия
  • Музыка

Ақмола Қазақстан елордасы Астананың 1868 1998 жылдар аралығындағы атауы Ақмола қаласы жоспарының көшірмесі ХІХ ғасырдың

Ақмола

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Ақмола

Ақмола — Қазақстан елордасы Астананың 1868-1998 жылдар аралығындағы атауы.

image
Ақмола қаласы жоспарының көшірмесі. ХІХ ғасырдың аяғы.

Ақмоланың қалыптасуы мен тарихи деректер

image
Ақмола бекінісінің мұнарасы. 1921 жылы қиратылған. ХХ ғасыр басындағы фотосурет.

Қазақ елі Ресей империясының бодандығын қабылдағаннан кейін патша әкімшілігі қазақ жерін басқару мәселесі бойынша бірқатар шараларды жүзеге асырды. 1822 жылы 22 шілдеде І Александр қол қойған "Сібір қырғыздарын басқару"туралы жарғыға" сәйкес Орта жүз жері Батыс Сібір генерал-губернаторлығына, енді ғана ұйымдастырылып жатқан Омбы облысының құрамына енгізіліп, сыртқы округтерге бөлінді.
Округтерді басқаруға аға сұлтандар тағайындалды. Округ орталығының әскери-әкімшілік қызметі жаңа бекіністер салумен шұғылданып, кейіннен Сібір полктарының казактарымен ауыстырылған орыс әскерінің тұрақты бөлімінен құрылған гарнизондармен жабдықтауға кірісті.
1824 жылы Қарқаралы және Көкшетау сыртқы округтері ашылды. Сұлтан Қоңырқұлжа Құдайменді қанша сұраса да қаражат жетіспеуіне байланысты Ақмола округінің ашылуы кейінге қала берді. Ақыры, 1830 жылы мамырда Ақмола шатқалындағы Құдаймендінің ауылына Петропавл бекінісінен подполковник Ф. К. Шубиннің басшылығымен Ақмола бекінісін ұйымдастыру үшін әскери жасақ жіберіледі. Көктемгі су тасқыны жасақты Есілдің оң жақ биіктеу жағасындағы керуенді Қараөткел өткелінде тоқтатады, Шубин сол жерден бірнеше казакты жағдайды біліп келуге жібереді. Жер таңдауда бұйрықта қате кеткенін ұққан Ф. Шубин оны Қараөткелде орындауға шешім қабылдайды. Ресми қағазда түсінбестік болмас үшін бұйрықтың атауы сол күйінде қалады.
1830 жылы 18 маусымда келген Қараөткелде құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс ағаштарынан казарма, дүкен, монша және астық қоймасы салынды. Тақтайлардан ат қора салынды. 1832 жылы 22 тамызда Ақмола сыртқы округі ресми түрде ашылды. Семеке ханның шөбересі Қоңырқұлжа Құдайменді аға сұлтан болып сайланды.

Шағын гарнизондық елді мекен

Ақмола алғашқы жылдары казармалардан, атқоралардан және қосымша құрылыстардан тұратын шағын гарнизондық елді мекен болды.
1838 жылы мамырда бұл әскери қоныс Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрес жасақтары қоршауға алып, өртеп жіберді. Кенесары сұлтан одан кейін Торғай даласына кетті. Осы оқиғадан кейін гарнизонды нығайту үшін Петропавлдан 2-ші сібірлік батальон жіберілді және Горький линиясынан жүз казак отбасы әкелініп, фортификациялық жұмыстар басталды.
1839 жылы бұл елді мекен ор қазылған дуалдармен және бес бұрышты әскери бекініспен қоршалды. Орталық солтүстік әскери бекіністің үстіне екі қабатты мұнара тұрғызылды. Оның жоғары жағына қарағайдан атыс ойығы бар шеген, төменгі жағынан зеңбірекке арналған ойық жасалды. Мұнара қазіргі Орталық стадионның орнында болды. Бекіністің оң жағы өзенге қарады.
Кенесары Қасымұлы қаза болып, ұлт-азаттық қозғалыстың күшпен басылуына байланысты Ақмола бекінісі 1876 жылы әскери маңызы жойылды. 1891 жылы орлар толтырылып, бекініс қабырғалары алынды. 1921 жылы мұнара қиратылды.

Қала мәртебесін алуы

image
Ақмола қаласының орталығы. ХХ ғасыр басындағы фотосурет.

1845 жылы "Горькая линиядан" көшіп келген казак отбасыларынан құралған казак станицалары пайда болды. 1851 жылы бекіністің іші мен әскери слободаларда 26 саман, 15 ағаш және 17 тоқылған қазыналық құрылыстар мен 292 жеке ағаш үйлер болды.
Ақмола транзиттік сауданы қамтамасыз ететін басты рөлді атқара бастады. Осыған байланысты Ресей мен шетелдік саудагерлер осында өз дүкендерін ашады. Қоныстанушылардың көпшілігі, әсіресе, көп бөлігі татар слободасы деп аталатын Орта Азиядан шыққандар. 1852 жылы Ақмолада екі маусымдық жәрмеңке – Константинов және Дмитриев жәрмеңкелері ұйымдастырылған болатын. Шағын әскери бекініс біртіндеп қалаға айнала бастады. Ауқатты адамдар берік те сәнді үйлер, мекемелер аша бастады.
1862 жылы Ақмола бекінісі мен казак станицасы округтік қала мәртебесін алды. Ақмола "Семей облысы қалаларының құқығы мен жеңілдіктері туралы ережеге" сәйкестендірілді. Ресей бодандығына кірген барлық адамдар қалада тұруға мүмкіндік алды, саудагерлер, ұсақ үй иесі, қолөнершілер қатарына жазыла алатын болды. Оларға қалада үй тұрғызып, бақша егу және әртүрлі мекемелер салу үшін жер берілді. Қалаға тіркелген тұрғын кез келген жылжымайтын мүлік алуға құқылы болды.
1868 жылы 21 қазанда "Далалық облыстарды басқару туралы уақытша ережеге" сәйкес орталығы Омбы болған Ақмола облысы құрылды. Уақыт өте келе облыс орталығын Омбыдан Ақмолаға көшіреміз деп ойлаған үкімет қаланы Ақмола деп атап кетті.

Тұрғындарының саны

Ақмоланың алғашқы 30 жылының соңына қарай тұрғындарының саны 2000-нан асты, ал келесі 30 жылда үш есеге өсті. 6428 адам тұрғыны бар Ақмола уездік қалаға айналды. Қалада 3 шіркеу, 5 мектеп, 3 зауыт болды. XIX ғасырдың 90-жылдарының басында қалалық басқару мекемесі, қонақ үй мен өрт мұнарасы және Александр Невский шіркеуі салынған кезде халық саны айтарлықтай өсті. Саудагерлер сарайлары пайда болды. XX ғасыр басында Ақмола 18 мың халқы бар (1915 жыл) сауда қаласына айналды.

Қаланың көркі

image
Сібір сауда банкінің бұрынғы бөлімшесі. ХХ ғасыр басындағы фотосурет.
image
Қыздар гимназиясының ғимараты.ХХ ғасыр басындағы фотосурет.

Қаланың көркі 1892 жылы салынған сәулет ғимараты Александр Невский шіркеуі болды. Ғибадатхананың қабырғасы В. М. Васнецовтың шәкірті М. И. Тимофеевтің суреттерімен безендірілді. Қазан төңкерісінен кейін онда драма театр, содан кейін кинотеатр жұмыс істеп, 1939-1940 жылдары ғибадатхана бұзылды.
XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қала қарқынды өсті. Осы кезеңде Ақмоладағы ғимараттардың кейбірі жоғары көркемдік талғаммен салынғандықтан тарихи-мәдени бағасы бар сақтауға лайық ескерткіштер қатарына жатқызылды. Бастапқыда қаланың бірнеше бас жоспары әзірленді, 1910 жылы қаланың бас сәулетшісі тағайындалды. Бұл қызметті сәулетші Адольф Дионисович Павлович атқарды. Қала көшелері бірнеше бөлікке (бекініс, солдат слободасы, казактар станицасы) бөлінді.
Ақмоланың сол кездегі бейнесін көзге елестету үшін П. Головачевтің қаланы көргеннен кейін 1903 жылы Мәскеудің "Азиатская Россия" деген суреті бар жинағында жарияланған "Дала өлкесінде" деген мақаласына көңіл аудару керек. Онда былай делінген: "Ақмолада жергілікті бай саудагерлердің сәулеті тартымсыз бірнеше тас үйлер бар... Көзге көрінер жерлерде собормен, қонақ ауласымен қатар абақты (острог) тұр, жан-жағы 20 шаршы көшет, 3 биіктіктегі көшеттер үшкір бөренелермен қоршалған. Абақтының алдында жалғыз күзетші тұр... Ақмоланың көшелерінде, әрине, жарық жоқ. Үлкен дүкендердің алдында бірнеше шам (фонарь) жағулы. Жай уақыттарда ұзын да кең көшелер сыпырылмайды, бірақ орталық губерниядағы шаруалардың егістігінен жақсы; оларды шаң мен тезектен жел тазалайды... Астық базарында ондаған "қымызхана" бар".
Ақмоланың төңкеріске дейін сәулеті мен құрылыс сапасы бойынша салынған бірқатар жақсы үйлері қазіргі уақытта Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіштері қатарына жатқызылып, қорғауға алынған.

Өнеркәсібі

Өнеркәсіп қолөнер сипатында болды. 1913 жылы статистика бойынша Ақмолада май қайнататын, ішек-қарын тазалайтын, жүн жуатын, 9 кірпіш және 2 қой терісі зауыттары, 21 ұста, 70-тей жел диірменде 208 адам жұмыс жасады. Төңкеріске дейін бұған 3 механикалық диірмен, механикалық шеберхана және тағы да басқа қолмен, жартылай қолмен істейтін кәсіпорындар қосылды.

Ақмоланың ақпан төңкерісінен кейінгі және Кеңес дәуірі кезіндегі сипаты

Ақпан төңкерісінен кейін қала басшылығы Ақмолада уездік атқару комитетін ұйымдастырды. Большевиктік топ 1917 жылы 27 желтоқсанда Ақмола қалалық депутаттар кеңесін құрды, ал 1918 жылы 2 наурызда Ақмола уездік депутаттар кеңесі сайланып, уезде Кеңес өкіметін құру туралы шешім қабылданды. Колчактың келгеннен кейін бұрынғы басшылық жұмысын жалғастырды. Соңғы "қалабасы" қызметін саудагер С. А. Кубрин атқарды.
1918 жылы 25 қарашада басшылық "қызылдардың" 59-шы ақыштар дивизия штабы "қызыл" атқыштар дивизиясына көшті.
1929 жылы Ақмола – Бурабай теміржол құрылысы басталды. 1929 жылы 8 қарашада Ақмолаға алғашқы пойыз келді. Теміржол оны Қазақстанның және бүкіл КСРО-ның өнеркәсіптік және мәдени орталықтарымен байланыстырды.
Қала өсіп, көркейіп, ауыл шаруашылығының орталығы және теміржолдың ірі торабы болды.
1939 жылы қазанда Қарағанды облысының құрамынан Ақмола облысы бөлініп, орталығы Ақмола қаласы болды, бұл кезде 32 мың тұрғыны және бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорындары бар еді.
Ұлы Отан соғысы қаланың экономикалық әлеуеті мен қала бейнесінің дамуына кері әсерін тигізді. Ірі зауыттардың әскери жағдайға көшірілуі өндіріс орындарының санын көбейтті. Одақтың маңызы бар "Қазақсельмаш" зауыты пайда болды. 1944 жылы 16 кәсіпорында 2800 адам еңбек етті.
Қалада сырттан күшпен қоныс аударылып келгендер көбейді, олардың көбі Солтүстік Кавказдан келді. Күшпен көшіру басталған жылдың өзінде Ақмола облысына 30 мыңдай адам келді, оларды үймен қамтамасыз ету, дәрігерлік көмек көрсету қажет болды. Осының бәрі қала тұрмысы мен мәдениетіне ықпал етті.

Қала атауларының өзгеруі

Тың және тыңайған жерлерді игеру – Ақмола облысы өмірінің аса маңызды кезеңі болды. 1954 жылы 2 наурызда еріктілер Алматыдан, 5 наурызда Мәскеуден келді.
1953-1958 жылдары облысқа 270 мыңдай адам келді. Қала елдің басты қамбасына, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау орталығына айналды. 1953-1956 жылдары облыста 3,5 миллион гектар тың жерлер игерілді. Тың игеру науқаны қала дамуында шешуші фактор болды.

Ақмола → Целиноград

1960 жылы желтоқсанда қала тың өлкесінің орталығы болды, ал 1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертілді.
Тұрғындарының саны тез өсті. 1961 жылы қаланың тұрғын үй қоры 115 мың адамға шаққанда 600 мың шаршы м-ге жетті. Жарты жыл ішінде құрылысшылар 650 пәтер мен 4 бесқабатты мектеп үйін пайдалануға берді. Бір жылда тұрғын үй қоры 115 000 шаршы м-ге өсті.
Целиноград құрылысына Мәскеудің 29 құрылыс зауыты қатысты. Ленинград жобалау институтының бас жоспары бойынша (сәулетші Г. Я. Гладштейн) "Хрущев кезеңінің" типтік қалаларын салды. Целиноград кеңестік қала мектебінің принциптерін бейнелейтін үлгі болды.
1963 жылы 1 маусымда жаңа ықшам ауданның алғашқы іргетасы қаланды. 6 қарашада телеорталық жұмыс істей бастады. 2355 орындық Тың игерушілер сарайы ашылды, екі көпір іске қосылды. Біреуі көлік өтуге арналған, екіншісі қаланы демалыс бағымен, жағажаймен және балалар теміржолымен байланыстырды.

Кеңес дәуіріндегі құрылыстардың аса мәнділері; бекет пен бекет жанындағы алаң (1954 жыл); бекет ғимараты 1961-1964 жылдары салынды. Бекет толығымен қайта жабдықталды, эскалатормен, жолаушылар өтетін жолдармен, аса жайлы күту залдарымен, дүкендермен, кафелермен, қонақ үймен қамтамасыз етілді; Теміржолшылар сарайы (1954 жылы салынды, қазіргі Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры). Ғимарат кіре берісінің бағандары және интерьерлері мәнерлі жапсырмалары бар классикалық жүйе негізінде салынды. 1998–2000 жылдары қайта жөндеуден кейін көрермендердің орын саны 800-ден 360-қа қысқартылды; "Есіл" қонақ үйі (1960 жылы салынды). Ғимарат классикалық бағыттағы кеңестік сәулет өнерінің сипатын сақтаған.

Целиноград → Ақмола → Астана

1992 жылы Целиноград қайтадан Ақмола деп аталды. 1997 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болды.
Қаланың дамуы үшін елдің орталығындағы тиімді геосаяси және ірі көлік жолдарының түйіскен жерінде болуы, қажетті көлік және телеорталық инфрақұрылымының, бос жерлердің болуы осы шешімді қабылдауға әкелді. 1998 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.

Дереккөздер

  1. АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 1 т.–584 б., карталар, суреттер. ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-216-0

Автор: www.NiNa.Az

Жарияланған күні: 18 Мамыр, 2025 / 22:04

уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, порно, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, +18, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, xxx, sex

Akmola Қazakstan elordasy Astananyn 1868 1998 zhyldar aralygyndagy atauy Akmola kalasy zhosparynyn koshirmesi HIH gasyrdyn ayagy Akmolanyn kalyptasuy men tarihi derekterAkmola bekinisinin munarasy 1921 zhyly kiratylgan HH gasyr basyndagy fotosuret Қazak eli Resej imperiyasynyn bodandygyn kabyldagannan kejin patsha әkimshiligi kazak zherin baskaru mәselesi bojynsha birkatar sharalardy zhүzege asyrdy 1822 zhyly 22 shildede I Aleksandr kol kojgan Sibir kyrgyzdaryn baskaru turaly zhargyga sәjkes Orta zhүz zheri Batys Sibir general gubernatorlygyna endi gana ujymdastyrylyp zhatkan Omby oblysynyn kuramyna engizilip syrtky okrugterge bolindi Okrugterdi baskaruga aga sultandar tagajyndaldy Okrug ortalygynyn әskeri әkimshilik kyzmeti zhana bekinister salumen shugyldanyp kejinnen Sibir polktarynyn kazaktarymen auystyrylgan orys әskerinin turakty boliminen kurylgan garnizondarmen zhabdyktauga kiristi 1824 zhyly Қarkaraly zhәne Kokshetau syrtky okrugteri ashyldy Sultan Қonyrkulzha Қudajmendi kansha surasa da karazhat zhetispeuine bajlanysty Akmola okruginin ashyluy kejinge kala berdi Akyry 1830 zhyly mamyrda Akmola shatkalyndagy Қudajmendinin auylyna Petropavl bekinisinen podpolkovnik F K Shubinnin basshylygymen Akmola bekinisin ujymdastyru үshin әskeri zhasak zhiberiledi Koktemgi su taskyny zhasakty Esildin on zhak biikteu zhagasyndagy keruendi Қaraotkel otkelinde toktatady Shubin sol zherden birneshe kazakty zhagdajdy bilip keluge zhiberedi Zher tandauda bujrykta kate ketkenin ukkan F Shubin ony Қaraotkelde oryndauga sheshim kabyldajdy Resmi kagazda tүsinbestik bolmas үshin bujryktyn atauy sol kүjinde kalady 1830 zhyly 18 mausymda kelgen Қaraotkelde kurylys zhumystary bastaldy Қurylys agashtarynan kazarma dүken monsha zhәne astyk kojmasy salyndy Taktajlardan at kora salyndy 1832 zhyly 22 tamyzda Akmola syrtky okrugi resmi tүrde ashyldy Semeke hannyn shoberesi Қonyrkulzha Қudajmendi aga sultan bolyp sajlandy Shagyn garnizondyk eldi meken Akmola algashky zhyldary kazarmalardan atkoralardan zhәne kosymsha kurylystardan turatyn shagyn garnizondyk eldi meken boldy 1838 zhyly mamyrda bul әskeri konys Kenesary Қasymuly bastagan ult azattyk kүres zhasaktary korshauga alyp ortep zhiberdi Kenesary sultan odan kejin Torgaj dalasyna ketti Osy okigadan kejin garnizondy nygajtu үshin Petropavldan 2 shi sibirlik batalon zhiberildi zhәne Gorkij liniyasynan zhүz kazak otbasy әkelinip fortifikaciyalyk zhumystar bastaldy 1839 zhyly bul eldi meken or kazylgan dualdarmen zhәne bes buryshty әskeri bekinispen korshaldy Ortalyk soltүstik әskeri bekinistin үstine eki kabatty munara turgyzyldy Onyn zhogary zhagyna karagajdan atys ojygy bar shegen tomengi zhagynan zenbirekke arnalgan ojyk zhasaldy Munara kazirgi Ortalyk stadionnyn ornynda boldy Bekinistin on zhagy ozenge karady Kenesary Қasymuly kaza bolyp ult azattyk kozgalystyn kүshpen basyluyna bajlanysty Akmola bekinisi 1876 zhyly әskeri manyzy zhojyldy 1891 zhyly orlar toltyrylyp bekinis kabyrgalary alyndy 1921 zhyly munara kiratyldy Қala mәrtebesin aluy Akmola kalasynyn ortalygy HH gasyr basyndagy fotosuret 1845 zhyly Gorkaya liniyadan koship kelgen kazak otbasylarynan kuralgan kazak stanicalary pajda boldy 1851 zhyly bekinistin ishi men әskeri slobodalarda 26 saman 15 agash zhәne 17 tokylgan kazynalyk kurylystar men 292 zheke agash үjler boldy Akmola tranzittik saudany kamtamasyz etetin basty roldi atkara bastady Osygan bajlanysty Resej men sheteldik saudagerler osynda oz dүkenderin ashady Қonystanushylardyn kopshiligi әsirese kop boligi tatar slobodasy dep atalatyn Orta Aziyadan shykkandar 1852 zhyly Akmolada eki mausymdyk zhәrmenke Konstantinov zhәne Dmitriev zhәrmenkeleri ujymdastyrylgan bolatyn Shagyn әskeri bekinis birtindep kalaga ajnala bastady Aukatty adamdar berik te sәndi үjler mekemeler asha bastady 1862 zhyly Akmola bekinisi men kazak stanicasy okrugtik kala mәrtebesin aldy Akmola Semej oblysy kalalarynyn kukygy men zhenildikteri turaly erezhege sәjkestendirildi Resej bodandygyna kirgen barlyk adamdar kalada turuga mүmkindik aldy saudagerler usak үj iesi kolonershiler kataryna zhazyla alatyn boldy Olarga kalada үj turgyzyp baksha egu zhәne әrtүrli mekemeler salu үshin zher berildi Қalaga tirkelgen turgyn kez kelgen zhylzhymajtyn mүlik aluga kukyly boldy 1868 zhyly 21 kazanda Dalalyk oblystardy baskaru turaly uakytsha erezhege sәjkes ortalygy Omby bolgan Akmola oblysy kuryldy Uakyt ote kele oblys ortalygyn Ombydan Akmolaga koshiremiz dep ojlagan үkimet kalany Akmola dep atap ketti Turgyndarynyn sany Akmolanyn algashky 30 zhylynyn sonyna karaj turgyndarynyn sany 2000 nan asty al kelesi 30 zhylda үsh esege osti 6428 adam turgyny bar Akmola uezdik kalaga ajnaldy Қalada 3 shirkeu 5 mektep 3 zauyt boldy XIX gasyrdyn 90 zhyldarynyn basynda kalalyk baskaru mekemesi konak үj men ort munarasy zhәne Aleksandr Nevskij shirkeui salyngan kezde halyk sany ajtarlyktaj osti Saudagerler sarajlary pajda boldy XX gasyr basynda Akmola 18 myn halky bar 1915 zhyl sauda kalasyna ajnaldy Қalanyn korki Sibir sauda bankinin buryngy bolimshesi HH gasyr basyndagy fotosuret Қyzdar gimnaziyasynyn gimaraty HH gasyr basyndagy fotosuret Қalanyn korki 1892 zhyly salyngan sәulet gimaraty Aleksandr Nevskij shirkeui boldy Ғibadathananyn kabyrgasy V M Vasnecovtyn shәkirti M I Timofeevtin suretterimen bezendirildi Қazan tonkerisinen kejin onda drama teatr sodan kejin kinoteatr zhumys istep 1939 1940 zhyldary gibadathana buzyldy XIX gasyrdyn ayagy men HH gasyrdyn basynda kala karkyndy osti Osy kezende Akmoladagy gimarattardyn kejbiri zhogary korkemdik talgammen salyngandyktan tarihi mәdeni bagasy bar saktauga lajyk eskertkishter kataryna zhatkyzyldy Bastapkyda kalanyn birneshe bas zhospary әzirlendi 1910 zhyly kalanyn bas sәuletshisi tagajyndaldy Bul kyzmetti sәuletshi Adolf Dionisovich Pavlovich atkardy Қala kosheleri birneshe bolikke bekinis soldat slobodasy kazaktar stanicasy bolindi Akmolanyn sol kezdegi bejnesin kozge elestetu үshin P Golovachevtin kalany korgennen kejin 1903 zhyly Mәskeudin Aziatskaya Rossiya degen sureti bar zhinagynda zhariyalangan Dala olkesinde degen makalasyna konil audaru kerek Onda bylaj delingen Akmolada zhergilikti baj saudagerlerdin sәuleti tartymsyz birneshe tas үjler bar Kozge koriner zherlerde sobormen konak aulasymen katar abakty ostrog tur zhan zhagy 20 sharshy koshet 3 biiktiktegi koshetter үshkir borenelermen korshalgan Abaktynyn aldynda zhalgyz kүzetshi tur Akmolanyn koshelerinde әrine zharyk zhok Үlken dүkenderdin aldynda birneshe sham fonar zhaguly Zhaj uakyttarda uzyn da ken kosheler sypyrylmajdy birak ortalyk guberniyadagy sharualardyn egistiginen zhaksy olardy shan men tezekten zhel tazalajdy Astyk bazarynda ondagan kymyzhana bar Akmolanyn tonkeriske dejin sәuleti men kurylys sapasy bojynsha salyngan birkatar zhaksy үjleri kazirgi uakytta Astana kalasynyn zhergilikti manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishterinin memlekettik tizimine engen sәulet oneri eskertkishteri kataryna zhatkyzylyp korgauga alyngan Өnerkәsibi Өnerkәsip koloner sipatynda boldy 1913 zhyly statistika bojynsha Akmolada maj kajnatatyn ishek karyn tazalajtyn zhүn zhuatyn 9 kirpish zhәne 2 koj terisi zauyttary 21 usta 70 tej zhel diirmende 208 adam zhumys zhasady Tonkeriske dejin bugan 3 mehanikalyk diirmen mehanikalyk sheberhana zhәne tagy da baska kolmen zhartylaj kolmen istejtin kәsiporyndar kosyldy Akmolanyn akpan tonkerisinen kejingi zhәne Kenes dәuiri kezindegi sipatyAkpan tonkerisinen kejin kala basshylygy Akmolada uezdik atkaru komitetin ujymdastyrdy Bolsheviktik top 1917 zhyly 27 zheltoksanda Akmola kalalyk deputattar kenesin kurdy al 1918 zhyly 2 nauryzda Akmola uezdik deputattar kenesi sajlanyp uezde Kenes okimetin kuru turaly sheshim kabyldandy Kolchaktyn kelgennen kejin buryngy basshylyk zhumysyn zhalgastyrdy Songy kalabasy kyzmetin saudager S A Kubrin atkardy 1918 zhyly 25 karashada basshylyk kyzyldardyn 59 shy akyshtar diviziya shtaby kyzyl atkyshtar diviziyasyna koshti 1929 zhyly Akmola Burabaj temirzhol kurylysy bastaldy 1929 zhyly 8 karashada Akmolaga algashky pojyz keldi Temirzhol ony Қazakstannyn zhәne bүkil KSRO nyn onerkәsiptik zhәne mәdeni ortalyktarymen bajlanystyrdy Қala osip korkejip auyl sharuashylygynyn ortalygy zhәne temirzholdyn iri toraby boldy 1939 zhyly kazanda Қaragandy oblysynyn kuramynan Akmola oblysy bolinip ortalygy Akmola kalasy boldy bul kezde 32 myn turgyny zhәne birneshe onerkәsiptik kәsiporyndary bar edi Ұly Otan sogysy kalanyn ekonomikalyk әleueti men kala bejnesinin damuyna keri әserin tigizdi Iri zauyttardyn әskeri zhagdajga koshirilui ondiris oryndarynyn sanyn kobejtti Odaktyn manyzy bar Қazakselmash zauyty pajda boldy 1944 zhyly 16 kәsiporynda 2800 adam enbek etti Қalada syrttan kүshpen konys audarylyp kelgender kobejdi olardyn kobi Soltүstik Kavkazdan keldi Kүshpen koshiru bastalgan zhyldyn ozinde Akmola oblysyna 30 myndaj adam keldi olardy үjmen kamtamasyz etu dәrigerlik komek korsetu kazhet boldy Osynyn bәri kala turmysy men mәdenietine ykpal etti Қala ataularynyn ozgeruiTyn zhәne tynajgan zherlerdi igeru Akmola oblysy omirinin asa manyzdy kezeni boldy 1954 zhyly 2 nauryzda eriktiler Almatydan 5 nauryzda Mәskeuden keldi 1953 1958 zhyldary oblyska 270 myndaj adam keldi Қala eldin basty kambasyna auyl sharuashylygy mashinalaryn zhasau ortalygyna ajnaldy 1953 1956 zhyldary oblysta 3 5 million gektar tyn zherler igerildi Tyn igeru naukany kala damuynda sheshushi faktor boldy Akmola Celinograd 1960 zhyly zheltoksanda kala tyn olkesinin ortalygy boldy al 1961 zhyly kalanyn aty Celinograd bolyp ozgertildi Turgyndarynyn sany tez osti 1961 zhyly kalanyn turgyn үj kory 115 myn adamga shakkanda 600 myn sharshy m ge zhetti Zharty zhyl ishinde kurylysshylar 650 pәter men 4 beskabatty mektep үjin pajdalanuga berdi Bir zhylda turgyn үj kory 115 000 sharshy m ge osti Celinograd kurylysyna Mәskeudin 29 kurylys zauyty katysty Leningrad zhobalau institutynyn bas zhospary bojynsha sәuletshi G Ya Gladshtejn Hrushev kezeninin tiptik kalalaryn saldy Celinograd kenestik kala mektebinin principterin bejnelejtin үlgi boldy 1963 zhyly 1 mausymda zhana yksham audannyn algashky irgetasy kalandy 6 karashada teleortalyk zhumys istej bastady 2355 oryndyk Tyn igerushiler sarajy ashyldy eki kopir iske kosyldy Bireui kolik otuge arnalgan ekinshisi kalany demalys bagymen zhagazhajmen zhәne balalar temirzholymen bajlanystyrdy Kenes dәuirindegi kurylystardyn asa mәndileri beket pen beket zhanyndagy alan 1954 zhyl beket gimaraty 1961 1964 zhyldary salyndy Beket tolygymen kajta zhabdyktaldy eskalatormen zholaushylar otetin zholdarmen asa zhajly kүtu zaldarymen dүkendermen kafelermen konak үjmen kamtamasyz etildi Temirzholshylar sarajy 1954 zhyly salyndy kazirgi Kүlәsh Bajsejitova atyndagy ulttyk opera zhәne balet teatry Ғimarat kire berisinin bagandary zhәne intererleri mәnerli zhapsyrmalary bar klassikalyk zhүje negizinde salyndy 1998 2000 zhyldary kajta zhondeuden kejin korermenderdin oryn sany 800 den 360 ka kyskartyldy Esil konak үji 1960 zhyly salyndy Ғimarat klassikalyk bagyttagy kenestik sәulet onerinin sipatyn saktagan Celinograd Akmola Astana 1992 zhyly Celinograd kajtadan Akmola dep ataldy 1997 zhyly Қazakstan Prezidenti Nursultan Nazarbaevtyn zharlygymen Akmola kalasy Қazakstannyn astanasy boldy Қalanyn damuy үshin eldin ortalygyndagy tiimdi geosayasi zhәne iri kolik zholdarynyn tүjisken zherinde boluy kazhetti kolik zhәne teleortalyk infrakurylymynyn bos zherlerdin boluy osy sheshimdi kabyldauga әkeldi 1998 zhyly 6 mamyrda Қazakstan Respublikasynyn Prezidentinin Zharlygyna sәjkes Akmolanyn atauy Astana bolyp ozgertildi DerekkozderALTAJDAN KASPIJGE DEJIN ҚAZAҚSTANNYҢ TABIҒI TARIHI ZhӘNE MӘDENI ESKERTKIShTERI MEN KӨRNEKTI ORYNDARYNYҢ ATLASY 3 tomdyk Almaty 2011 1 t 584 b kartalar suretter ISBN 978 601 280 215 3 ISBN 978 601 280 216 0

Соңғы мақалалар
  • Мамыр 19, 2025

    26 желтоқсан

  • Мамыр 18, 2025

    26 ақпан

  • Мамыр 18, 2025

    26 наурыз

  • Мамыр 19, 2025

    25 қыркүйек

  • Мамыр 18, 2025

    25 қаңтар

www.NiNa.Az - Студия

  • Уикипедия
  • Музыка
Хабарласыңыз
Тілдер
Бізбен хабарласыңы
DMCA Sitemap
© 2019 nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Әлемнің түкпір-түкпірінен деректер мен файлдарды ортақ пайдалануды қамтамасыз ететін тегін веб-сайт.
Жоғарғы