Azərbaycanca  AzərbaycancaБеларуская  БеларускаяDeutsch  DeutschEnglish  EnglishFrançais  FrançaisҚазақ  ҚазақLietuvių  LietuviųРусский  Русскийภาษาไทย  ภาษาไทยTürkçe  TürkçeУкраїнська  Українська
Қолдау
www.global-kz3.nina.az
  • Үй
  • Уикипедия
  • Музыка

Панфилов ауданы Жетісу облысының оңтүстік шығысындағы әкімшілік аумақтық бөлік 1923 42 жылдары Жаркент ауданы 1942 жылда

Панфилов ауданы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Панфилов ауданы

Панфилов ауданы — Жетісу облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. 1923 — 42 жылдары Жаркент ауданы, 1942 жылдан 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі И.В. Панфилов есімімен аталады. 1956 жылы ауданға Октябрь ауданы (орталығы Көктал ауылы) қосылды. Орталығы — Жаркент қаласы.

Қазақстан ауданы
Панфилов ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Жетісу облысы

Аудан орталығы

Жаркент

Ауылдық округтер саны

13

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

41

Қала саны

1

Әкімі

Марат Рахымбердіұлы Сағымбек

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, №129

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°10′20″ с. е. 80°00′28″ ш. б. / 44.17222° с. е. 80.00778° ш. б. / 44.17222; 80.00778 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°10′20″ с. е. 80°00′28″ ш. б. / 44.17222° с. е. 80.00778° ш. б. / 44.17222; 80.00778 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

10,6 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

133 831 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (66,15%), ұйғырлар (29,12%), орыстар (3,33%), дүнгендер (0,51%), басқалары (0,89%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

041300-041331

Автомобиль коды

19

Панфилов ауданының әкімдігі

image

image Басқа мағыналар үшін Панфилов ауданы (Қырғызстан) деген бетті қараңыз.

Географиялық орны, жер бедері

Аудан солтүстік және батыс жағында Кербұлақ ауданымен, шығысында Қытаймен (ҚХР) және оңтүстігінде Іле өзені арқылы Ұйғыр ауданымен шектеседі. Солтүстік-батысында Жетісу (Жоңғар) Алатауының Тоқсанбай, Бежінтау, солтүстік-батысында Қатутау, Қояндытау жоталарымен шектелген. Ауданның ең биік жері — Мұзтау тауы (4370 м). Оңтүстік-шығыста аласа таулы Ақтау тауы (883 м) жайласқан. Мұнда палеоген кезеңінде (шамамен бұдан 50 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен жануарлардың сүйектері сақталған Ақтау палеонтологиялық қазба орны бар. Аудан аумағына Алтынемел ұлттық паркінің қиыр шығыс бөлігі кіреді (40 мың га). Жер қойнауында полиметалл кентастары (Үлкен Өсек), көмір (Тыңқы), алтын, күміс (Шығыс Қат, Сорқара, Сенім) және Жаркент артезиан алабында термальды су көздері бар.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң. Қаңтардағы жылдық орташа температура 8 — 10°С, шілдеде 20 — 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 мм-ден (жазық өңірде) 500 — 700 мм-ге (таулы өңірде) дейін барады. Аудан жерінен Іле және оның салалары, Іорғас, Тышқан, Өсек (Үсек), Бұрған, Көктал, Борохудзир (Бұрақожыр) өзендері ағып өтеді. Бірнеше шағын көлдер (Жидекөл, Дүншінкөл, Алтынкөл, Құркөл, т.б.) бар. Топырағы сұр, сұрғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, шығысында құмдақты сұр (жазық өңірлерде), тау баурайларында қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Ауданда өсімдіктердің 100-ден аса түрі бар. Олардың 20-дан астамы Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Онда жусан, теріскен, еркекшөп, тораңғы, қамыс, құрақ, тау шатқалдарында қайың, қарағай, шырша өседі. Аңдардан арқар, тау ешкі, аю, барыс, сілеусін, жабайы шошқа, ондатр; құстардан: қырғауыл, кекілік, т.б. кездеседі. Жалпы, Панфилов ауданындағы 50-ден аса аң-құс түрлерінің 30-дан астамы Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 18832 ▲46318 ▲77106 ▲84186 ▲106423 ▲112984 ▲113059 ▲132941

Тұрғындар саны – 129 204 (2019). Аудан халқының басым бөлігін қазақтар (66,59%) құрайды. Одан өзге ұйғырлар (28,44%), орыстар (3,53%), дүңгендер (0,54%), татарлар (0,31%), өзбектер (0,22%), 0,38% т.б. ұлт өкілдері тұрады.

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 42 елді мекен 1 қалалық әкімдікке және 13 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Айдарлы ауылдық округі 2321 ▼2265 97,6 1145 ▼1123 98,1 1176 ▼1142 97,1
Атамекен ауылдық округі 8298 ▲11899 143,4 4220 ▲6009 142,4 4078 ▲5890 144,4
Басқұншы ауылдық округі 4732 ▲5329 112,6 2360 ▲2690 114 2372 ▲2639 111,3
Бірлік ауылдық округі 5709 ▲5770 101,1 2899 ▲2963 102,2 2810 ▼2807 99,9
Жаркент қалалық әкімдігі 39731 ▲52361 131,8 19380 ▲26290 135,7 20351 ▲26071 128,1
Жаскент ауылдық округі 2677 ▲3778 141,1 1328 ▲1902 143,2 1349 ▲1876 139,1
Көктал ауылдық округі 12581 ▼12549 99,7 6237 ▲6368 102,1 6344 ▼6181 97,4
Қоңырөлең ауылдық округі 5240 ▼4796 91,5 2698 ▼2504 92,8 2542 ▼2292 90,2
Сарыбел ауылдық округі 4553 ▼4156 91,3 2291 ▼2132 93,1 2262 ▼2024 89,5
Талды ауылдық округі 5042 ▲5440 107,9 2537 ▲2793 110,1 2505 ▲2647 105,7
Үлкенағаш ауылдық округі 3309 ▼2936 88,7 1685 ▼1498 88,9 1624 ▼1438 88,5
Үлкен Шыған ауылдық округі 9581 ▲11265 117,6 4801 ▲5663 118 4780 ▲5602 117,2
Үшарал ауылдық округі 5095 ▲5361 105,2 2558 ▲2719 106,3 2537 ▲2642 104,1
Шолақай ауылдық округі 4190 ▲5036 120,2 2127 ▲2575 121,1 2063 ▲2461 119,3
ЖАЛПЫ САНЫ 113059 ▲132941 117,6 56266 ▲67229 119,5 56793 ▲65712 115,7

Шаруашылығы

Ауданда 1997 жылға дейін асыл тұқымды қой, ірі қара және жүгерінің гибридті тұқымдарын өсіруге маманданған 6 ұжымшар, 5 кеңшар болған. Қазір осы салаларға қосымша қызылша тұқымын және өсімдік майын алатын дақылдар өсіру дамуда. Панфилов ауданында 2002 жылдың басында 39 ауыл шаруашылығы ӨК, 3 ЖШС, 1 акционерлік қоғам және 3145 шаруа қожалығы, 16 өнеркәсіп орны, 2 жолаушы таситын, 3 жүк таситын көлік ұжымдары, аудандық телекоммуникация бөлімшесі, жергілікті пошта торабы сияқты меншіктің әр түріндегі 336 заңды және жеке тұлғалар тіркелген. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 648,0 мың га, оның ішінде егістігі — 41,0 мың га, жайылымы 587,0 мың га, шабындығы 19,4 мың га (2002). Мал түліктерінен ауданда 40,5 мың ірі қара, 224,0 мың қой мен ешкі, 12,2 мың жылқы, 390 түйе және 116,0 мың әр түрлі құс болды (2002).

Инфрақұрылымы

Білім беру, мәдени мекемелерінен ауданда 41 орта, 2 орталау, 6 бастауыш, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, Жаркент педагогикалық колледжі, Талдықорған Заң колледжінің бөлімшесі, Талғар медициналық колледжінің бөлімшесі, жекеменшік математика-информатикық лицей, 57 кітапхана, 2 музей, 3 мәдениет үйі, 7 клуб, т.б. бар. Денсаулық сақтау және емдеу мекемелерінен ауданы орталық аурухана, Көктал аудандықдық ауруханасы, Жаркент туберкулез ауруханасы, 9 фельдшерлік-акушерлік, 14 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 21 фельдшерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда “Жаркент-Арасан”, “Керімағаш” санаторийлері және балаларды емдейтін “Көктал-Арасан” физиотерапиялық сауықтыру кешені бар (2002).

Жол торабы

Аудан аумағынан республикалық бағыныстағы жолдарға Іорғас — Жаркент — Көктал — Сарыөзек және Іорғас — Көктал — Шонжы — Алматы жолдары қарайды. Панфилов ауданындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 437 км.

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
  2. Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
  3. Қазақстан почталық индекстері
  4. Қазақ энциклопедиясы 7 т,
  5. І. Ахметов
  6. Ресей империясы, КСРО халық санақтары
  7. ҚР халық санақтары Мұрағатталған 10 Қазанның 2023 жылы.
  8. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Автор: www.NiNa.Az

Жарияланған күні: 21 Мамыр, 2025 / 14:46

уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, порно, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, +18, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, xxx, sex

Panfilov audany Zhetisu oblysynyn ontүstik shygysyndagy әkimshilik aumaktyk bolik 1923 42 zhyldary Zharkent audany 1942 zhyldan 8 gvardiyalyk atkyshtar diviziyasynyn komandiri I V Panfilov esimimen atalady 1956 zhyly audanga Oktyabr audany ortalygy Koktal auyly kosyldy Ortalygy Zharkent kalasy Қazakstan audanyPanfilov audanyӘkimshiligiOblysyZhetisu oblysyAudan ortalygyZharkentAuyldyk okrugter sany13Қalalyk әkimdikter sany1Auyl sany41Қala sany1ӘkimiMarat Rahymberdiuly SagymbekAudan әkimdiginin mekenzhajyZharkent kalasy Golovackij koshesi 129Tarihy men geografiyasyKoordinattary44 10 20 s e 80 00 28 sh b 44 17222 s e 80 00778 sh b 44 17222 80 00778 G O Ya Koordinattar 44 10 20 s e 80 00 28 sh b 44 17222 s e 80 00778 sh b 44 17222 80 00778 G O Ya Қurylgan uakyty1928Zher aumagy10 6 myn km Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny133 831 adam 2023 Ұlttyk kuramykazaktar 66 15 ujgyrlar 29 12 orystar 3 33 dүngender 0 51 baskalary 0 89 Sandyk identifikatorlaryPoshta indeksi041300 041331Avtomobil kody19Panfilov audanynyn әkimdigi Baska magynalar үshin Panfilov audany Қyrgyzstan degen betti karanyz Geografiyalyk orny zher bederiAudan soltүstik zhәne batys zhagynda Kerbulak audanymen shygysynda Қytajmen ҚHR zhәne ontүstiginde Ile ozeni arkyly Ұjgyr audanymen shektesedi Soltүstik batysynda Zhetisu Zhongar Alatauynyn Toksanbaj Bezhintau soltүstik batysynda Қatutau Қoyandytau zhotalarymen shektelgen Audannyn en biik zheri Muztau tauy 4370 m Ontүstik shygysta alasa tauly Aktau tauy 883 m zhajlaskan Munda paleogen kezeninde shamamen budan 50 mln zhyl buryn tirshilik etken zhanuarlardyn sүjekteri saktalgan Aktau paleontologiyalyk kazba orny bar Audan aumagyna Altynemel ulttyk parkinin kiyr shygys boligi kiredi 40 myn ga Zher kojnauynda polimetall kentastary Үlken Өsek komir Tynky altyn kүmis Shygys Қat Sorkara Senim zhәne Zharkent artezian alabynda termaldy su kozderi bar Klimaty osimdigi men zhanuarlar dүniesiKlimaty kontinenttik kysy birshama zhyly zhazy ystyk kuan Қantardagy zhyldyk ortasha temperatura 8 10 S shildede 20 24 S Zhauyn shashynnyn zhyldyk ortasha molsheri 150 mm den zhazyk onirde 500 700 mm ge tauly onirde dejin barady Audan zherinen Ile zhәne onyn salalary Iorgas Tyshkan Өsek Үsek Burgan Koktal Borohudzir Burakozhyr ozenderi agyp otedi Birneshe shagyn kolder Zhidekol Dүnshinkol Altynkol Қurkol t b bar Topyragy sur surgylt konyr bozgylt konyr shygysynda kumdakty sur zhazyk onirlerde tau baurajlarynda konyr kyzgylt konyr topyrak kalyptaskan Audanda osimdikterdin 100 den asa tүri bar Olardyn 20 dan astamy Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engizilgen Onda zhusan terisken erkekshop torangy kamys kurak tau shatkaldarynda kajyn karagaj shyrsha osedi Andardan arkar tau eshki ayu barys sileusin zhabajy shoshka ondatr kustardan kyrgauyl kekilik t b kezdesedi Zhalpy Panfilov audanyndagy 50 den asa an kus tүrlerinin 30 dan astamy Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engen Halky1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021 18832 46318 77106 84186 106423 112984 113059 132941 Turgyndar sany 129 204 2019 Audan halkynyn basym boligin kazaktar 66 59 kurajdy Odan ozge ujgyrlar 28 44 orystar 3 53 dүngender 0 54 tatarlar 0 31 ozbekter 0 22 0 38 t b ult okilderi turady Әkimshilik bolinisiAudandagy 42 eldi meken 1 kalalyk әkimdikke zhәne 13 auyldyk okrugke biriktirilgen Halkynyn sany 2009 2021 Auyldyk okrugteri 2009 2021 2021 2009 ga pajyzben Erler 2009 Erler 2021 2021 2009 ga pajyzben Әjelder 2009 Әjelder 2021 2021 2009 ga pajyzbenAjdarly auyldyk okrugi 2321 2265 97 6 1145 1123 98 1 1176 1142 97 1Atameken auyldyk okrugi 8298 11899 143 4 4220 6009 142 4 4078 5890 144 4Baskunshy auyldyk okrugi 4732 5329 112 6 2360 2690 114 2372 2639 111 3Birlik auyldyk okrugi 5709 5770 101 1 2899 2963 102 2 2810 2807 99 9Zharkent kalalyk әkimdigi 39731 52361 131 8 19380 26290 135 7 20351 26071 128 1Zhaskent auyldyk okrugi 2677 3778 141 1 1328 1902 143 2 1349 1876 139 1Koktal auyldyk okrugi 12581 12549 99 7 6237 6368 102 1 6344 6181 97 4Қonyrolen auyldyk okrugi 5240 4796 91 5 2698 2504 92 8 2542 2292 90 2Sarybel auyldyk okrugi 4553 4156 91 3 2291 2132 93 1 2262 2024 89 5Taldy auyldyk okrugi 5042 5440 107 9 2537 2793 110 1 2505 2647 105 7Үlkenagash auyldyk okrugi 3309 2936 88 7 1685 1498 88 9 1624 1438 88 5Үlken Shygan auyldyk okrugi 9581 11265 117 6 4801 5663 118 4780 5602 117 2Үsharal auyldyk okrugi 5095 5361 105 2 2558 2719 106 3 2537 2642 104 1Sholakaj auyldyk okrugi 4190 5036 120 2 2127 2575 121 1 2063 2461 119 3ZhALPY SANY 113059 132941 117 6 56266 67229 119 5 56793 65712 115 7SharuashylygyAudanda 1997 zhylga dejin asyl tukymdy koj iri kara zhәne zhүgerinin gibridti tukymdaryn osiruge mamandangan 6 uzhymshar 5 kenshar bolgan Қazir osy salalarga kosymsha kyzylsha tukymyn zhәne osimdik majyn alatyn dakyldar osiru damuda Panfilov audanynda 2002 zhyldyn basynda 39 auyl sharuashylygy ӨK 3 ZhShS 1 akcionerlik kogam zhәne 3145 sharua kozhalygy 16 onerkәsip orny 2 zholaushy tasityn 3 zhүk tasityn kolik uzhymdary audandyk telekommunikaciya bolimshesi zhergilikti poshta toraby siyakty menshiktin әr tүrindegi 336 zandy zhәne zheke tulgalar tirkelgen Auyl sharuashylygyna zharamdy zher aumagy 648 0 myn ga onyn ishinde egistigi 41 0 myn ga zhajylymy 587 0 myn ga shabyndygy 19 4 myn ga 2002 Mal tүlikterinen audanda 40 5 myn iri kara 224 0 myn koj men eshki 12 2 myn zhylky 390 tүje zhәne 116 0 myn әr tүrli kus boldy 2002 InfrakurylymyBilim beru mәdeni mekemelerinen audanda 41 orta 2 ortalau 6 bastauysh 1 kәsiptik tehnikalyk mektep Zharkent pedagogikalyk kolledzhi Taldykorgan Zan kolledzhinin bolimshesi Talgar medicinalyk kolledzhinin bolimshesi zhekemenshik matematika informatikyk licej 57 kitaphana 2 muzej 3 mәdeniet үji 7 klub t b bar Densaulyk saktau zhәne emdeu mekemelerinen audany ortalyk auruhana Koktal audandykdyk auruhanasy Zharkent tuberkulez auruhanasy 9 feldsherlik akusherlik 14 auyldyk dәrigerlik ambulatoriya 21 feldsherlik punkt halykka kyzmet korsetedi Audanda Zharkent Arasan Kerimagash sanatorijleri zhәne balalardy emdejtin Koktal Arasan fizioterapiyalyk sauyktyru kesheni bar 2002 Zhol torabyAudan aumagynan respublikalyk bagynystagy zholdarga Iorgas Zharkent Koktal Saryozek zhәne Iorgas Koktal Shonzhy Almaty zholdary karajdy Panfilov audanyndagy avtomobil zholdarynyn uzyndygy 437 km DerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Қazakstan pochtalyk indeksteri Қazak enciklopediyasy 7 t I Ahmetov Resej imperiyasy KSRO halyk sanaktary ҚR halyk sanaktary Muragattalgan 10 Қazannyn 2023 zhyly 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary

Соңғы мақалалар
  • Мамыр 21, 2025

    Ақыл-ой дамуы

  • Мамыр 21, 2025

    Ақмола округі

  • Мамыр 21, 2025

    Ақпанның 13

  • Мамыр 21, 2025

    Ақ ергежейлі

  • Мамыр 21, 2025

    Ағартушы

www.NiNa.Az - Студия

  • Уикипедия
  • Музыка
Хабарласыңыз
Тілдер
Бізбен хабарласыңы
DMCA Sitemap
© 2019 nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Әлемнің түкпір-түкпірінен деректер мен файлдарды ортақ пайдалануды қамтамасыз ететін тегін веб-сайт.
Жоғарғы